АҚШ-тағы әйгілі промоутер Боб Арум жетекшілік ететін Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған отандасымыз бүгінге дейін мұхиттың арғы бетінде екі жекпе-жек өткізіп үлгерді. Алғаш тәжірибелі Карлос Гальванды (Колумбия) жеңсе, қазірше соңғы жекпе-жегінде Александр Воннан (АҚШ) басым түсті. 2 ақпанда өтетін кездесу Әлімханұлы үшін АҚШ-тағы үшінші айқас болмақ.
Айта кетейік, әуесқой бокстағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та жекпе-жек өткізбей тұрып, елімізде екі кездесу өткізген болатын. Оның біреуін техникалық нокаутпен жеңсе, біреуінде ұпай саны бойынша қарсыласынан басым түскен. Осылайша, Жәнібек кәсіпқой бокста 4 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Әлемдік рейтингте 110-орында келеді.
Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»