Бұл шара республикалық «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Оралдағы «Достық үйі» алдынан бастау алған керуенге сәт сапар тілеген Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов шараға қатысушыларды Жаңа жылмен құттықтап, бұл істің маңыздылығын атап өтті.
Айта кетейік, акция аясында Орал қаласының аз қамтылған және қамқорлыққа мұқтаж 70 отбасына қолдау көрсетілді. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратына қарасты «Қоғамдық келісім» мекемесі қызметкерлері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы еріктілері және Аяз ата мен Ақшақар отырған 5 «ГАЗель» автокөлік керуені жергілікті меценаттардан және қарапайым қала тұрғындарынан жиналған жаңажылдық сыйлықты қамкөңіл жандарға таратты.
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ
Батыс Қазақстан