The New York Times басылымы Моңғолиядағы бүркітші қазақ қызы туралы көлемді мақала жариялады. Мақаланың қысқаша мазмұнын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

The New York Times
Баян-Өлгей, Моңғолия - Жұма күні сабақ біткен соң, Заманбол үйіне оралып, үй жұмысын орындап және жасөспірімдерге тән үй жағдайындағы өз міндеттерін атқарады. Ал сенбіде ол атын ерттеп, өзінің үйретілген жыртқыш құсымен қар тауларына бағыт алып, сенімді әріптесімен жабайы аңдарды аулауға бет алады.
Заманбол 14 жастағы бүркітші қыз. Моңғолияның Алтай өлкесін мекен еткен қазақ қызы бұрынғы көшпенді ата-бабаларының ізін жалғап жүрген жастардың бірі. Оның аң аулау қабілеті атасынан берілген. Атасының жанында ол және оның бүркіті тіпті қасқыр да аулайтын.
Атасы оған бүркітпен қалай аң аулау туралы, аспандағы құстарды қалай шақыруға болатынын үйретті. Атасы қайтыс болған соң, ол құсты өз қамқорлығына алды.
- Атамның жолын жалғастырғым келді, - деді Заманбол.
Содан бастап ол құсбегіліктің қыр-сырын терең үйрене бастады. Аңшылар құстары иелерінің дауыстарына үйренуі үшін жиі ән айтады. Ұрғашы бүркіттер еркектеріне қарағанда үлкен және күшті, көбіне аң аулауда қолданылады.
Аң аулау өткен ғасырда жоғалып кетті. Алайда бұл кәсіпті Батыс Моңғолияның Баян-Өлгей аймағындағы Алтай қазақтары сақтап қалды, онда 400-ге жуық этникалық қазақтар ресми түрде бүркітші ретінде тіркелген. Бұл аймақ көбіне қазақтар әрі мұсылмандар мекендеген Моңғолиядағы жалғыз аймақ.
Қазір Алтайдағы қазақ мәдениеті туралы ақпарат бүкіл әлемге белгілі бола бастады. Бүркітшілер екі күндік Алтын Бүркіт фестиваліне жиналады. 2016 жылы түсірілген бүркітші қыз Айшолпан туралы деректі фильм (2014 жылы осы жарыста жеңген) дүниежүзінің назарын Алтайдың мәдениетіне аударуға көмектесті.
Фестиваль кезінде дала Кеңес дәуірінің машиналарымен, гобелендермен, кітап және шөлмектермен көмкеріледі. Балалар жерде отырып қой сүйектерімен ойнайды. Қазан айында фестивальге келген шетелдік туристер саны 1000-нан астам адамды құрады, деп хабарлады құзырлы органдар.
Кейбір ғалымдар фестиваль мәдениеттің бір түрі ретінде ғана емес, шоу ретінде ғана ұйымдастырылады деп алаңдайды. Бірақ көптеген аңшылар фестивальда өз мұраларын насихаттау тәсілін де көрсетеді.
Технология бүкіл әлем бойынша ұрпақтар арасындағы алшақтықты кеңейтті, ал Баян-Өлгей де бұдан тыс емес. Бірақ бүркітпен аң аулау онымен айналысатын адамдар үшін қазақ жастарын үлкендермен байланыстыратын көпір болды.
Заманбол үшін бүркіт оның әжесі мен атасын еске салады, бірақ оның бүгін аңға салатын құсы оған атасынан қалған құсы емес.
Заманбол өзінің бірінші қыранын еркіндікке жібергенде 13 жаста болды. Ол бүркіттің аяғына бау байлап, тауға көтеріліп, онымен қоштасты.
- Мен көңілсіз болдым, бірақ мен оның еркін болғанын қалаймын, - деді Заманбол.
Аударған Мәдина ЖӘЛЕЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар