Қазақстан • 11 Қаңтар, 2019

Білімгерді ұрған оқытушы жұмыстан шеттетілді

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Панфилов ауданына қарасты Жаркент көпсалалы колледжіндегі білімгерді соққыға жығуға байланысты білім департементінде арнайы топ құрылып, іс барысын зерттеу үшін оқиға орынына жіберілген.

Білімгерді ұрған оқытушы жұмыстан шеттетілді

Бұған дейін әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада осы колледждің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі студентті соққының астына алып жатқаны бейнелеген болатын. Желідегі бейнекөріністегі оқиға 10 қаңтарда, кезекті сабақ үстінде орын алғаны анықталды. Қазір білімгерге қол көтерген мұғалім жұмыстан шеттеліп, аудандық ішкі істер бөліміне түсінік беру үшін шақыртылды. Алдағы уақытта қол көтеру фактісне құқытық баға беріліп, тиісті шара қабылданатын болады.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы