Облыс орталығында өткен жылы «Азаматтық альянс үйі» ашылды. Бұл жергілікті үкіметтік емес ұйымдар бір-бірімен тығыз байланыста қызмет жасауларына мүмкіндік береді.
Мысалы, «Мейірімділер» клубы биыл еліміздің «Үздік әлеуметтік жобалар» конкурсының өңірлік кезеңі бойынша «Әрбір үйге мейірім әкелейік» жобасын ұсынған «Клуб добряков» мейірімділер ұйымы жеңімпаз атанды.
Байқауға қатысқан «Шатыр асты бау-бақша-қысы-жазы дәрумен» жобасымен «Өмір» оңалту орталығы 2 орын, ал, 3-орын «Альрами клубтық үйіне» берілді.
Сондай-ақ, өңірдегі «Балалар мен жастар арасында салауатты өмір салты, мәдениет пен бұқаралық спортты насихаттау бойынша үздік ұйым» номинациясында «Жолдар» жастар қоғамдық бірлестігі және «5 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істейтін жобалық менеджер» номинациясында «Десента» қоғамдық бірлестіктері биылғы жылдың үздік үкіметтік емес ұйымдары аталды.
Өңір тұрғындарына белгілі «Десента», «Үміт үзбеу» , «Қызыл Жарты Ай қоғамы», «Үйге баспалдақ», «Қамқор» көмек және оңалту орталығы» , «Самал» секілді қоғамдық бірлестік өкілдері әр істе белсенді.
Ал, облыстық әкімдік жұмыс жасамайтын ұйымдарды жабу қажеттігін айтуда.
Еліміздің Қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасына сәйкес жұмыс істемейтін үкіметтік емес ұйымдар мәселесі бойынша қызметті дұрыс ұйымдастырмаған аудандар мен қалалар белгілі болды.
Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, өткен жылы өңірде тіркелген 698 ҮЕҰ-ның 155-сі жұмыс істемеген. Қызметін атқармайтын ұйымдардың 150-і облыс орталығында болса, қалған 5-і аудандарда.
Яғни, жұмыс істемейтін үкіметтік емес ұйымдарды жою үшін ҮЕҰ-ның ерікті түрде қызметін тоқтатуы керек, немесе, мемлекеттік кіріс органдарының сотқа шағымдануы.
Мысалы, өткен жылы облыс бойынша сондай ҮЕҰ-дың 13-і жабылыпты. Олардың 9- Екібастұзда, қалғандары өңірдегі 4 ауданда қызметін тоқтатты.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
ПАВЛОДАР