Құрметті марапатты Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев табыс еткен. Бауыржан Халиоллаға бұл атақ ұзақ жыл өнер мен мәдениет саласында еңбек етіп, қол жеткізген табыстары және туған жердің абырой-атағын күллі Қазақстанға танытып жүргені үшін беріліп отыр.
Бүгінде Орал қаласында Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығына басшылық ететін Бауыржан Ергенұлы 1979 жылы Сырым ауданының Қособа ауылында туған. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Бауыржан Халиолла бірнеше жыр кітабының авторы. Сондай-ақ өзі де талай республикалық айтыстарға қатысып, жүлдегер атанған ол бүгінде Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының Батыс аймағы бойынша төрағасы қызметін атқарып, өңірде халықтық өнердің дамуына қызмет етіп келеді.
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
Батыс Қазақстан