Қоғам • 14 Қаңтар, 2019

Аяғы ауыр әйелге қалай ұйықтаған дұрыс?

2352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұйқыңыз жайлы болу үшін қалай жатқаныңыз дұрыс? Шал­қаңыздан, оң я сол жақ қабырғаңызға қисайып жатып, ұйқыңыз қанса болды ма? Жоқ, олай емес екен. Мысалы, дәрігерлер шал­қадан жатып ұйықтау сау адамның да тыныс алу жүйесіне зиян екенін ескертеді. 

Аяғы ауыр әйелге қалай ұйықтаған дұрыс?

­­­­­­­­Ал сәби күтіп жүрген анаға шалқадан жатуға мүлде болмайды. Ол іштегі нәрестенің ты­ныс алуын нашарлатады. Со­­нымен қатар анасының да жү­рек қан тамырларына өте зиян. Неге? Өйткені шал­қайып жату бір минутта жүрекке құ­йы­­латын қанның көлемін азай­тады. Ол жатырға баратын қан­ға да теріс әсер етеді. Соның салдарынан іштегі шақалақтың де­малуы қиын­дайды. 

Ғалымдар дүниеге сәбиі жан­сыз келген 150 ана мен сау бала туған 600 ерікті әйелдің ұйықтау әдеттерін зерттепті. Зерттеу нә­ти­­жесінде 28 апта толғаннан кейін шалқадан жатып ұйықтау өлі бала туу қаупін 4 пайызға жо­ғары­ла­тады. Бұл қосымша факторларды есептемегенде. Ал құрсаққа 37 ап­та толғанда шалқадан жатып ұйық­тау тіпті қауіпті. Себебі ба­ла тура сол уақыттарда өте нәзік болады. 

Бұл кеңесті кез келген аяғы ауыр ана, болашақ ана білуі тиіс. Ал біздің шариғатымызда сүннетке сай оң қабырғаңызға қисайып ұйықтау абзал. 

Соңғы жаңалықтар