Бұл тенденция 45 жастан асқан әйелдерге тән құбылыс болып шықты. Ер-азаматтардың 49 пайызы осы бойдақ күнімізге разымыз десе, нәзік жандылардың 69 пайызы бойдақ тіршіліктеріне риза екендерін айтқан. Мамандар бұл құбылысты әйел адамдардың жауапкершіліктен қашып, өзіне аналық міндетті алғылары келмегендіктен дейді.
– Тұрмыстағы әйел үй шаруасына көп уақытын бөліп, отбасы құндылықтарын жоғары бағалап, соның ұйытқысы болуы үшін бар күштерін жұмсайды. Соған сәйкес күйеулері де бейімделіп, көп жағдайда әйелдерінің көмегіне сүйенеді. Бәлкім, тұрмысқа шығуды қаламайтын бойжеткендердің баламалы спектрі кең шығар, – дейді Эссекс университетінің профессоры Эмили Гранди.
Түйін
Әлемдегі бұл құбылыс уақыт өткен сайын кеңейіп келеді. Әйел затының бір әулеттің түтінін түтетіп отырғаны – ешқандай баламаға тең келмейтін бақыт емес пе?!