«Биыл еліміздің экспорты мен импорты рекордтық көрсеткішке жетті, демек алдағы уақытта да әлемдік деңгейде ірі сауда державасы болып қаламыз деп үміттенуге себеп бар. 2018 жылы доллар есебімен Қытайдың жалпы сыртқы тауар айналымы 4,62 триллион долларды құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 12,6% - ға көп» деді Ли Куйвэнь.
Оған қоса Қытай экспорты 2018 жылы 9,9% - ға өсіп, 2,14 триллион долларды құраса, импорт-15,8% - ға өсіп, 2,14 триллионға жетті.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша сауда теңгерімінің оң сальдосы 546,8 миллиард долларды құрады.