Іріктеу турнирі екі күнге созылды. Әйелдер арасындағы бәсекеде жанкүйерлер мен бапкерлер қауымын 13 жасар шымкенттік спортшы Сарвинов Мірқадырова таңғалдырды. Ол финалға дейін сүрінбей, ақтық сында тәжірибелі Гүлчехра Хусейноваға жол берді. Үшінші орында - астаналық Анастасия Лаврова.
Ерлер арасында Денис Жолдуевке (Өскемен) тең келер ешкім болған жоқ. Екінші сатыда - қарағандылық Эрик Райтер, үшінші орында - оралдық Айдос Кенжеғұлов.