Аймақтар • 14 Қаңтар, 2019

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Таяу Шығыс елдеріне іс-сапармен барды

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13 қаңтар күні АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядқа аймақтық турне аясында келді. Сауд Арабиясының СІМ мәлімдегендей, Мемлекеттік хатшыны Сыртқы істер министрі Адиль аль-Джубейр және Сауд Арабиясының Вашингтондағы елшісі ханзада Халид бин Салман аль-Сауд күтіп алған.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Таяу Шығыс елдеріне іс-сапармен барды

Майк Помпеоның Дохаға сапары барысында АҚШ пен Катар америкалық Эль-Удейд әскери базасын кеңейту туралы меморандумға қол қойды. Эль-Удейд базасында АҚШ қарулы күштерінің Сирия, Ирак және Ауғанстандағы операцияларына жүргізетін орталық қолбасшылығы және 10 мың америкалық әскери қызметкер орналасқан.

Майк Помпео Катар мен Парсы шығанағындағы өзге елдерді өзара кикілжіңді мүмкін болғанынша тез арада шешуге шақырды. Оның айтуынша, мақсаты ортақ елдер арасындағы дау табысқа жеткізбейді.

Мемлекеттік хатшы Катардан Сауд Арабиясына ұшар алдында журналистерге Хашогги өлімі туралы мәлімдеме жасады. Америкалық әкімшіліктің жоғары лауазымды өкілінің журналист Жамал Хашоггидің өлімінен кейін Сауд Арабиясына жасаған алғашқы сапары.

«Біз тақ мұрагерімен Жамал Хашоггидің өліміне қатысты кінәлілерді жауапқа тарту мәселесін талқылаймыз» деді М.Помпео.