Әлем • 14 Қаңтар, 2019

«Тақтар ойыны» сериалының тизері жарияланды

399 реткөрсетілді

НВО телеарнасы «Тақтар ойыны» сериалының соңғы маусымына арналған ресми тизерді жариялады. Сондай-ақ сериалдың жарияланатын мерзімі де белгілі болды.

Ресми тизерде Старктар отбасының мүшелері - Арья, Санса және Джон Сноу Винтерфелл жертөлесінен өздерінің мүсіндерін тауып алады.

Сегізінші, яғни соңғы маусымының түсірілімі 2017 жылдың қазан айында басталған. Жобаның құны 90 миллион долларды құрайды.

Ал сериалдың өзі 14 сәуірде шығады.

Айта кету керек, НВО телеарнасы сериалдың соңғы маусымынан үзінділер жариялаған еді. Жоба 38 мәрте «Эмми» жүлдесін алған.

Әлемдік сериалдар қатарында көш бастап тұрған «Тақтар ойыны» сериалы 2011 жылдан бері жазушы Джордж Мартиннің романы желісімен түсіріліп келеді.

Соңғы жаңалықтар

Атыраулықтар тағы да үздіктер қатарында

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Тәуелсіздік – тұғырым

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Жас отбасылар баспаналы болды

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Күлкі керуені № 25

Руханият • 13 Желтоқсан, 2019

Ұқсас жаңалықтар