е-Gov порталына жасалған сараптама кезінде халық арасында ең көп қолданылатын қызмет денсаулық сақтау қызметтері екені анықталған. Сондықтан былтыр медицина орталығына тіркелу мен дәрігер таңдау мүмкіндіктері іске қосылды. Дәурен Абаевтың айтуынша, 4 ай ішінде қызметтің бұл түрі 70 мың мәрте қолданылған.
Бұдан бөлек наркодиспансер, психдиспансер, тубдиспансерден алынатын анықтамалар толықтай электронды форматқа көшірілген. Енді анықтамаларды емханаға бармай-ақ алу мүмкіндігі бар. Бұл құжаттар әдетте жұмысқа және оқуға қабылдау кезінде керек. Сол себепті аталмыш диагноздар бойынша емхана есебінде болып-болмау мәліметі жеткілікті