Әлем • 15 Қаңтар, 2019

Гданьск әкімі Павел Адамович пышақ жарақатынан қайтыс болды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польшаның Гданьск қаласында ауыр пышақ жарақатынан қаланың 53-жастағы мэрі Павел Адамович қайтыс болды.

Гданьск әкімі Павел Адамович пышақ жарақатынан қайтыс болды

13 қаңтар күні кешке Гданьск тұрғындары ашық аспан астындағы үлкен концертке жиналған еді. Жыл сайын поляк ауруханаларына арналған медициналық құрал-жабдықтарға қаражат жинау үшін өткізілетін қайырымдылық концерт биыл қайғылы оқиғамен аяқталды.

Көрермендер қаражат жинауды бастау үшін хормен секундтар санап жатқанда сахнаға бір ер адам жүгіріп шығып, Гданьск мэрі Павел Адамовичке бірнеше рет пышақ сұғып алды. Кейін белгілі болғандай, қылмысты жасаған адамда баспасөз өкілінің куәлігі болған. Ол бірден ұсталды.

Жарақат алған мэр ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер бес сағат бойы оның өмірі үшін күрескен, бірақ құтқару мүмкін болмады.