17 Қаңтар, 2019

«Шұбаркөл көмір» үш тепловоз сатып алды

849 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Шұбаркөл көмір» АҚ темір жол паркінің дамуына 2,7 млрд теңгеден астам қаржы салынды. Оны жаңғырту және кеңейту кәсіпорынның тұрақты жұмысы мен өндіріс өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.   

«Шұбаркөл көмір» үш тепловоз сатып алды

Брянск машина жасау зауытының (РФ) 2ТЭ25КМ екі секциялық магистралдық локомотиві салмағы 6 400 тоннаға дейінгі жүк пойыздарын тарта алады. Бұрынғыларға қарағанда, осы тепловоздың бірталай артықшылығы бар: жоғары тарту күші, орнатылған диагностика құралдарын қолдану, залалды заттардың шығарылуы төмен, күштің шығындары оңтайландырылған. Құрылым ерекшелігіне байланысты, 2ТЭ25КМ  моделінің пайдалану шығындары, соның ішінде жанармай шығыны бұрынғы модельдерден аз. 

Бұдан басқа, тағы екі су жаңа тепловоз кәсіпорынның ішкі жолдарында ауыр шығару және дөңестік жұмыстарды орындайды. Тура сол өндіруші зауытының ТЭМ 18 ДМ маневрлік тепловоздары жаңа үлкейтілген машинист кабинасымен, жетілдірілген және үнемді дизель-генераторымен жабдықталған. Тепловоздарда борттық энергиямен жабдықтау, микропроцессорлық басқару және диагностика жүйелері, сонымен қатар машинист кабинасында микроклимат жүйесі қолданылады. Аталған жүйелер жанармайдың қосымша үнемделуін, локомотивке техникалық қызмет көрсету және жөндеу шығындарын азайтуды және локомотив бригадаларында еңбек жағдайларының жақсартуын қамтамасыз етеді.       

– Бұл тепловоздар бірнеше жылдық тексеруден өткен және пайдаланған жылдары өздерін өте жақсы жағынан көрсеткен модельдердің негізінде жасалған, – деп ескертті «Шұбаркөл көмір» АҚ темір жол цехының бастығы Вячеслав Бортвин. – Олар қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы барлық заманауи талаптарға, сонымен қатар ERG техникалық талаптарына сәйкес келеді. Бұл - біздің барлық жоспарларымызды жүзеге асыруға көмектесетін сенімді жабдық.

Жаңа техниканы сатып алу «Шұбаркөл көмір» АҚ 2019 жылғы инвестициялық бағдарлама аясында іске асырылған. Қосымша локомотивтерді қолдану компанияның 2018 жылға қарағанда, 2019 жылы 1,5 млн тоннаға артық көмір жөнелту жоспарын жүзеге асыруына елеулі түрде ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025