Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019

Асхат Аймағамбетов – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

331 реткөрсетілді

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметіне бұған дейін Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым вице-министрі болған Асхат Аймағамбетов тағайындалды.

Жаңа орынбасар бұл қызметте әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелері бойынша жетекшілік ететін болады.

Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. «Тарихшы, тарих пәнінің ұстазы» және «құқықтану» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын 2002 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде бастаған. «Аңсар» жастар лигасын басқарды. Екі мәрте Қарағанды қалалық мәслихатында өзін-өзі ұсынушы ретінде депутат болып сайланған.

2012 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қарағанды облысындағы Нұра ауданы әкімінің орынбасары, Қарағанды облыстық Білім басқармасының жетекшісі қызметтерін атқарған. 2017 жылдың тамызынан бастап осы күнге дейін Білім және ғылым вице-министрі лауазымында болып, мектепке дейінгі және орта білім, сондай-ақ жоғары білім мен ғылым мәселелері бойынша жетекшілік етті.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды

Соңғы жаңалықтар

Ауыр атлеттер Катарға аттанады

Ауыр атлетика • Бүгін, 12:08

Жақсы ауданындағы жақсы істер

Аймақтар • Бүгін, 11:49

Көпбалалыларға көмек

Аймақтар • Бүгін, 11:41

Күлкі керуені № 22

Руханият • Бүгін, 09:45

Фариза ақынның ұстазы

Руханият • Бүгін, 07:41

Армениямен ынтымақтастық дамиды

Парламент • Бүгін, 07:37

Жастар сыйлығы тапсырылды

Қоғам • Бүгін, 07:33

Әлдибастау әулиесі

Руханият • Бүгін, 07:23

Тәу етер жалғыз киеміз

Қоғам • Бүгін, 07:18

Көзін тапқанға кәсіп көп

Қоғам • Бүгін, 07:13

Темір жолды жағалап топ бала жүр

Аймақтар • Бүгін, 07:08

Бірқатар кездесу өткізді

Президент • Бүгін, 07:04

Ұқсас жаңалықтар