- Бұған дейін мұндай орталықтардың қызметі республикалық маңызы бар қалаларда ғана қолжетімді болатын. Мемлекеттік қызмет көрсету реестрі бойынша қазіргі таңда 741 мемлекеттік қызмет түрі бар, соның 454 мемлекеттік қызмет түрі осы жерде электронды түрде көрсетіледі, - дейді «Ааматтарға арналған үкімет» МК ОФ PR-менеджері Жәдігер Дәрменов.
Орталықтың ашылуына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов, Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Нұртазаев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директоры Марат Бассаров қатысып, жаңа бастаманың қалай жүзеге асып жатқанын көрді.
- Орталықта аптасына алты күн бойы халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында оқыту сыныптары жұмыс жасайтын болады. Ол жерде кез келген адам өз білімін шыңдауға мүмкіндігі бар», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директоры Марат Бассаров.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офисінде азаматтар арнайы стенд-павильондарда орналасқан қоғамдық қол жеткізу пункттерінің, «ConnectionPoint» өз-өзіне қызмет көрсету секторының және планшеттердің көмегімен электрондық өтінімдерді өз бетінше тапсыра алады. Сондай-ақ, оператордың көмегінсіз өздеріне қажет кез келген құжатты рәсімдеп, цифрлық сауаттылық дағдыларын шыңдай алады.
2018 жылы Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметті электронды үкімет порталы арқылы алушылар қатары көбейген. Сала мамандары Мобильді азаматтар базасына тіркеліп, «Connection point» секторында өздігінен қызмет алушылардың саны да өткен жылмен салыстырғанда анағұрлым жоғары екенін айтады. Мысалы, 2018 жылы филиалда 200 мыңнан аса батысқазақстандық электронды цифрлық қолтаңба алып, өз өзіне қызмет көрсету алаңында 450 мыңнан аса мемлекеттік қызмет алыпты.
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
Батыс Қазақстан