Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019

2 тонна қызылбалық, 113 келі уылдырық тәркіленді

474 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері облыс аумағында қызыл балық пен қара уылдырық сатып, таратумен айналысып келген ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады.

2 тонна қызылбалық, 113 келі уылдырық тәркіленді

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі бүгін таратқан ақпаратқа қарағанда, оқиға бұдан бір ай бұрын, 2018 жылғы 11 желтоқсанда болған. Сол күні БҚО ПД Ұйымдасқан қылмыспен күрес департаменті қызметкерлері арнайы санкция бойынша шара жүргізіп, 2 тоннадан аса қызыл балық пен 113 келі уылдырық, басқа да заттай айғақтарды тәркілеген.

Дәл қазір тергеу орындары Қылмыстық кодекстің 339-бабы («Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу») және 262-бабы («Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу») бойынша қылмыстық іс көтеріп, сот алды тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025