Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019

Жемқорлыққа қарсы жобаға журналистер сарапшы болады

608 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында өткен жылдың соңында құрылған «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңес аясындағы сарапшылық топтың құрамына тілшілер шақырылып жатыр. Бұл жөнінде жоба жетекшісі Орынбек Нәсимуллин хабарлады.

Жемқорлыққа қарсы жобаға журналистер сарапшы болады

«Ақжайық – адалдық алаңы» жобасына өткен жылы 30 қарашада қол қойылған. Орал қаласына келген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасы А.Шпекбаев пен Батыс Қазақстан облысының әкімі А.Көлгінов қол қойған бұл құжат Қазақстан Президентінің 2018 жылғы халыққа Жолдауынан кейін дүниеге келген «Жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы бойынша жүзеге асқан болатын.

19 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ғимаратында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының офисі ашылған.

- «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының мақсаты – Батыс Қазақстан облысында азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру, - дейді жоба жетекшісі Орынбек Нәсимуллин.

Жоба тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жұмыс істемек.

- Тіпті жол жөндеу жұмыстары кезінде тиісті жол белгілерін дер кезінде орнатпаудың өзі сыбайлас жемқорлық қаупін тудырады. Бұл жерде мемлекеттік мекеме мен полицияның мүддесі болуы мүмкін. Өйткені жол белгісі талабын бұзғаны үшін салынатын айыппұл жергілікті бюджетке түседі. Немесе пара түрінде полиция қызметкерінің қалтасында кетеді, - дейді Орынбек Жамбылұлы. 

«Күнделікті тұрмыста кездесетін жемқорлықты жою - еліміздің әр азаматының міндеті» дейді «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі. Болашақта жобалық кеңес аясындағы сарапшылық топтың құрамына жергілікті БАҚ қызметкерлері шақырылмақ.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025