07 Қаңтар, 2012

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми хабары

258 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми хабары

Сенбі, 7 қаңтар 2012 7:30

Алматы       2012 жылғы 7 қаңтар

Д.А. Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған  ескерткіш монеталарды айналысқа шығару туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының № 2155  Заңы­на сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлт­тық Банкі 2012 жылғы 7 қаңтарда Д.А. Қо­наевтың туғанына 100 жыл толуына арнал­ған  күмістен жасалған номиналы 500 тең­ге­лік және нейзильбер қоспасынан жасал­ған номиналы 50 теңгелік ескерткіш монеталарды айналысқа шығарады.

Сенбі, 7 қаңтар 2012 7:30

Алматы       2012 жылғы 7 қаңтар

Д.А. Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған  ескерткіш монеталарды айналысқа шығару туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының № 2155  Заңы­на сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлт­тық Банкі 2012 жылғы 7 қаңтарда Д.А. Қо­наевтың туғанына 100 жыл толуына арнал­ған  күмістен жасалған номиналы 500 тең­ге­лік және нейзильбер қоспасынан жасал­ған номиналы 50 теңгелік ескерткіш монеталарды айналысқа шығарады.

Ескерткіш күміс монетаның сипаттамасы:

Монетаның нысаны сегіз қырлы.

Монетаның бет жағында (аверсінде) ор­талық бөлігінде Қазақстан Республика­сы­ның елтаңбасы және Қазақ КСР елтаңбасы бейнеленген.   Төменгі бөлігінде  екі жолға о­р­наласқан және монетаның номиналын біл­діретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу. Номи­налдың сол жағында  монета дайындалған металды, оның сынамын білдіретін «Ag 925», оң жағында монетаның массасын біл­діретін – «31,1 gr.» деген жазу орналасқан. Жоғары бөлігінде  - Қазақстан теңге сара­йының тауар белгісі. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үс­тіне айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚ­СТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу ойып жазылған. Жазулар нүкте­лермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың стильдендірілген қырынан бейнеленген суреті аясында көлемді бейнесі салынған. Оның астында қойған қолының факсимилесі мен монетаның соғылған жылын білдіретін  «2012» деген сан. Оң жақ бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «Д.А. Қонаев 100 жыл» деген жазу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз және жазу жоқ.

Монета  925 сынамды күмістен дайын­дал­ған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындалу сапасы – «proof», таралымы  – 5 мың дана.

Нейзильбер қоспасынан жасалған ес­керткіш монетаның сипаттамасы:

 

Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде Қазақстан Республика­сы­ның елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бей­не­сінің оң жағында  «ҚҰБ»  аббревиатурасы орналасқан. Төменгі бөлігінде моне­та­ның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚА­ЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың қырынан кескінделген бейнесі. Монетаның жоғары бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «Д.А. ҚОНАЕВ» деген жазу, төменгі бөлігінде – туған жылы мен монетаның соғылған жылын білдіретін «1912-2012» деген сандар орналасқан.  Айналдыра моншақ тәріздес доға және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жа­ғындағы суреттер және жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета «нейзильбер» қоспасынан жа­сал­ған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 50 мың дана.

Номиналы 500 және 50 теңгелік ес­керт­кіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен тө­лемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге ес­ептеу үшін және аударым жасау үшін қа­былдануға міндетті, Қазақстан Республика­сының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы ресми хабарға түсініктемесі

2012 жылғы 12 қаңтарда Дінмұхамет Ах­мет­ұлы Қонаевтың туғанына 100 жыл толады.

Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың ға­лым, академик, көрнекті мемлекет қайрат­ке­рі ретіндегі бүкіл еңбек жолы мемлекеттің және бүкіл көпұлтты Қазақстан халқының гүлденуіне бағытталды.

Ескерткіш монеталарды «Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан тең­ге сарайы» шаруашылық жүргізу құ­қы­ғы бар республикалық мемлекеттік кәсіп­ор­ны дайындаған.

Монеталардың дизайны Қазақстан Рес­публикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекіт­іл­ген Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банк­ноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

Ескерткіш монеталардың бір мың данасы сату үшін арнайы термовакуумды  плас­тик ораумен шығарылған.

Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында, Алматы қаласында мына мекенжай бойынша сатып алуға болады: Панфилов көшесі, 98. Анықтама үшін телефоны (727) 273-83-98.