07 Қаңтар, 2012

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы № 459-о

317 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы № 459-о

Сенбі, 7 қаңтар 2012 7:45

27 желтоқсан 2011 жыл, Астана қаласы

2012 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі №537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету өлшемдерін белгілеу мақсатындабұйырамын:

1. Қазақстан Республикасы бойынша 2012 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықталсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2011 жылдың 4 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2011 жылғы 29 қыркүйектегі №346-ө бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде №7208 тіркелген және «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 19 қазандағы № 503-504, 2011 жылғы 19 қазандағы «Казахстанская правда» № 333 газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.

3. Әлеуметтік көмек департаменті (Ш.С.Жақытова) осы бұйрықтың:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;

2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С. Ә. Ахметовке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшiне енедi және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Министр Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА.