Ел едік ежелден еңселі

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты тарихи-танымдық еңбегінде «Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес», деп бүкіл түркі дүниесінің түп-қазығы, біздің атамекенімізді ерекше ардақ тұтады. Нұрсұлтан Назарбаев ұлт қасиетін осылайша ұлықтай отырып, өз ойларын одан әрі негіздей түседі.

Егемен Қазақстан
21.01.2019 2774
2

Шынында да біз, Алты алаш өз қадір-қасиетімізді өзіміз бағалай білеміз бе?! Түсінген жанға, Қазақстанның Тұңғыш Президенті қалың қазағына, әсіресе өскелең келешегіне арнап, байыбына бара алсақ, туған еліміз бен жерімізді ерекше мақтан етер дәйекті әңгіменің алтын арқауын тайға таңба басқандай айқындап беріп отыр.

Ұлы дала – адамзат өркениетінің киелі қайнары әрі қазыналы арқатірегі. Олай болса, «Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қара­ғанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажет­ті дәйектеріміз де жеткілікті. Президент бұл орайда өркениет мойындаған үш айғақты атап көрсетеді:

Біріншіден, протомемлекеттік бірлес­тіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр; екіншіден біздегі зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды; үшіншіден, кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңа­лықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақ­тайды. Елбасының еңбегін оқи отырып көкірек көзіміз ашылып, төбеміз көкке жеткендей әсер аламыз.

 Демек, біз ұлт тарихының уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде басталатынын бағамдай алмасақ, онда бұл ел шежіресінің ежелгі сақтар мен ғұндардан, көне дәуірдегі түркі­лерден жеткен асыл мұрасын естен шығарғанымыз. Яғни, Ұлы даладан жер жүзіне тараған атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығын, дала өркениетінің зор технологиялық жетістігі – ежелгі металлургияны, рухани байлығымыздың айшықты белгісі – баға жетпес «аң стилі» өнерін, әлемдік ғылым үшін сен­са­ция саналған жаңалық – «Алтын адамды» өзге жұрттың қанжығасына байлап жібергеніміз.

Демек, біз ұлт тарихының бастауларын нақты білмесек, онда бұл Ұлы даланың біздің дәуіріміз­дің I мыңжылдығының орта шенінде дүниеге келген барша Түркі дүниесінің алтын бесігі болғанын ұмытып, үлкен Еуразия­ның Шығысы мен Батысы, Сол­түс­тігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байла­ныс­тардың трансконтинентальды желісі – Ұлы Жібек жолын, Қазақстанның алма мен қызғалдақтың отаны екенін еш кешірімсіз естен шығарғанымыз емес пе?!

Демек, біз ұлт тарихын қазақ хандығы шаңырақ көтерген бес-алты ғасырмен ғана шегерсек, онда бұл Ұлы дала өзінің «ерекше елшісі сынды ұлы бабалар Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелгенінің» бағасына жетпеген парықсыздық болады.

Елбасының қазаққа өзіне өзін танытатын арқатірек еңбегі – ұлт рухының ұлағатты жыр-дастаны деуге әбден лайық. Көтеріңкі көңіл күй үстінде, ұлттық мақ­таныш сезімімен оқылатын «Ұлы даланың жеті қыры» өршіл әрі өнегелі өткені­мізге көзі­­міз­ді ашады. Ол, сондай-ақ ел мәрте­бесін бүгінгі күн биігінен байыптау арқылы ертеңгі бағытымызды айқын бағамдауға көмектеседі.

Олай болса «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасының аясында атқарылар жұмыс ауқымы одан әрі кеңейе де нақты­лана түседі деген сөз. Ендеше қазір алдымызда тұрған міндеттер қандай:

− «Архив – 2025» жеті жылдық бағ­дар­­­ламасын жасау, өлкентану музей­лерінің жанынан тарихи-археоло­гия­лық қозғалыстар құру, «Ұлы дала­ның ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энцик­лопе­диялық саябағын ашу;

− «Ұлы дала тұлғалары» атты ғылыми-кө­пшілік сериалдар шығару, «Түркі өркениеті: түп-тамырынан қазіргі заман­ға дейін» атты жобаны қолға алу, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін құру;

− «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын шығару, деректі, телевизиялық сериалдар мен көркем картиналардың циклін өндіріске енгізу;

Елбасы тарихи-танымдық туындысында өз ойларын түйіндей келе мынадай тұжырым жасайды: «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы».

Өкінішке қарай, бізді бірнеше жүз­деген жылдар бойы ұлттық мақтаныш емес, өзгеден өзін кем көрген қорқыныш сезімі билеп келгені мәлім. «Үрей синдромы... ол үш ғасырға созылған ақ патша мен қызыл империяның құлдық қыспағы мен қанды қырғынының санаға салған лаңы. Кеңес заманының зардабы, тіпті төл әдебиетіміздің абайтану саласына да кеселін аямай тигізді.

Алаш арыстары аман болса, бұл қорлыққа, әлбетте еш төзе алмас еді, олар тірі тұрса, ел-жұртын езгіге салдырып қойып қарап отырмасы белгілі. Қанды­қол диктатура мұны жақсы білді және қазақ­тың көшбасшы қайраткерлерін жусандай жа­пырды. Арыстардың аз ғана шоғыры ел келешегі үшін аға буын аманатын арқа­лап, ауыр мұңға батқан күйі қала берді. Бірақ елжанды ерлер қолдарына қару алмағандарымен туған халқына ай­тар сөзін қызыл үкіметтің қырағы бақы­лауында отырып-ақ санамызға құя берді.

Міне, әлем әдебиетінің жауһары – «Абай жолы» роман-эпопеясы сол ұлт санасын сілкінтудің жарқын айғағы. Амал қайсы, кеңестік насихат сөз сардарын да жан-жақтан матап ұстап, Абай аманатын да, Әуезов сөзін де қалың көпшіліке бұрмалай түсіндірді. Тіпті тәуелсіздіктің ширек ғасыр белесінен асқанда да ғұлама Мұхтардың қалам құпиясының сырын түсінбей жүргендер аз емес. Әйтпесе, романдағы дала данышпаны Құнанбайды танымау, әке мен бала арасындағы терең түсіністікті байқамау тіпті де мүмкін емес.

Мұхтар Әуезов туған халқының тарихын таптатпай, иісі түркі жұртының Абай секілді ұлы тұлғасын ұлықтай оты­рып та Құнанбай тұлғасына титтей де көлең­ке түсірген емес. Ғұлама, тіпті тарих­қа, әдебиет пен өнерге қасаң тап­тық көз­қарас тұр­ғысынан темірдей тәр­тіп орна­тыл­ға­нына да қарамастан жанқияр­лық қажыр-қайрат танытты. Ұлы дала­ның сап алтын­дай салт-дәстүрлері мен тағы­лы­мы зор тәр­тібін, хакім Абайдың ам­ана­тын көкі­ре­гі­мізге құйып, еңсемізді түсірмеуге жан қуа­тын да, қалам қуатын да аямай жұмсады.

Алайда абайтану тарихын зерделей келгенде ұлы Абай мұрасына көпшілік қаламгердің байдың, қанаушы таптың өкілі ретінде теріс айналып, асыл мұраны туған ұлтына қайтарудың Әуезов бастаған аз ғана шоғырға қаншалықты азапқа айнал­ғанын көреміз. Қазақ әдебиетінің алыбы Сәбит Мұқанов өзінің Абай мен оның мұрасына деген әуелгі теріс көз­қа­расын «мен қаналушы таптың өкілі едім ғой» деп, ақталғандай түсіндіруі-ақ көп жайды аңғартса керек. Бірақ, кейін солар­дың бәрі, әрине Сәбит Мұқанов та өз қателіктерін мойындап, ұлы ақын жайында іргелі монографиялық зерттеу жазғанын білеміз.

С.Мұқанов Қазақстан жазушыларының 1934 жылғы тұңғыш съезінде жасаған баяндамасында, 1935 жылы қазақ поэзиясы жайында жазған мақаласында бұрынғы социологиялық ой-пікірлерінің сілемі көрінгенімен, көркемдік таным-білік биігінен ой айтып, пікір түюдің лебі есе бастады. Осы екпін қазақтың әдебиеті мен мәдениетінің сорпа бетіне шығарларын сыпырып әкетіп жатқан 1937 жылы Сәбит Мұқановтың «Абай – халық ақыны» деген принципті мақаласынан айқын көрінеді. Бұл мақала төл әдебиетіміздің классигінің Абай туралы толымды да көлемді зерттеу жасауының басы еді. Олай болса, Абайтанудың қарама-қайшылыққа толы шежіресі өз алдына жеке әңгіме.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты еңбегінен біз, қазақ өз қадір-қа­сиеті­міз­ді біліп, өткеннен сабақ ала отырып, тек қана алға басу туралы жасампаздық ой түйдік.

Болат Жүнісбекұлы,

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларды қолдаудың 10 қадамы жасалды

22.02.2019

Қостанайда әкім есебі жаңа ғимаратта өтті

22.02.2019

Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың құрметіне арналған 41-ші жеңіл атлетика жарысы өтті

22.02.2019

Қарағанды облысында 479 жоба іске асады

22.02.2019

Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

22.02.2019

Sanofi - күдіктен ада компания

22.02.2019

Сенатор С.Айтпаева Германиядан келген делегациямен кездесті

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сертификаттары беріледі

22.02.2019

Ақтөбе облысында су тасқынына дайындық шаралары қабылданып жатыр

22.02.2019

Құралай Ахмет: Шет елде оқуға ынтасы бар кез келген адам «болашақтық» бола алады

22.02.2019

Жастар кәсіпкерлігіне арналған «Jas Business» семинары өтті

22.02.2019

Халықтың әл-ауқатын жақсарту – басты мақсат

22.02.2019

Жоғарғы сот жемқор судьяларды анықтауды күшейтеді

22.02.2019

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы әлем чемпионатында бақ сынайды

22.02.2019

Ерлан Қошанов көпбалалы отбасылар тұрғын үймен қалай қамтамасыз етілетінін айтты

22.02.2019

Мамандар: Денсаулық туралы жаңа Кодексті қабылдау бизнес үшін кедергілер туғызуы мүмкін

22.02.2019

Семейде «Нәджип Әмір» атындағы аудитория ашылды

22.02.2019

«Әбу-Даби Плаза» елордада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді

22.02.2019

Милад Карими мен Аким Мусаев Мельбурндегі Әлем кубогінің финалына өтті

22.02.2019

Юлия Галышева бастаған Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне қатысады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу