07 Қаңтар, 2012

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы №1/153

411 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы №1/153

Сенбі, 7 қаңтар 2012 8:12

2012 жылғы 6 қаңтар                          Астана қаласы

 Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы төтенше жағдай кезінде сайлау заңнамасының қолданылу ерекшеліктері туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Консти­туциялық за­ңы­ның 12-бабына, «Төтенше жағдай туралы» Қа­зақстан Рес­публикасы За­ңының 15-бабы 9) тар­мақшасына, Қазақстан Республикасы Президен­тінің «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қала­сында төтенше жағдайды енгізу туралы» 2011 жылғы 17 желтоқсандағы № 197 және «Маң­ғыстау облы­сы­ның Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» 2012 жылғы 4 қаң­тардағы № 215 Жар­лық­тарына, «Қа­зақстан Респуб­ликасындағы сайлау туралы» Қа­зақстан Респуб­ликасының Конституциялық заңы­на өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақ­стан Республикасы Конституциялық заңын Қазақ­стан Респу­б­ликасының Конституциясына сәйкестігі тұрғы­сында тексеру туралы» Қазақ­стан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 5 қаулысына түсін­дірме беру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2012 жылғы 6 қаңтар­дағы № 1 қосымша қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

1. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қала­сында төтенше жағдай режимінің қолданылуына байланыс­ты 2012 жылғы 15 қаңтарға тағай­ын­далған, бе­сінші сайланатын Қазақстан Республикасы Пар­ла­менті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутатта­рының кезекті сайлауы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында өткізілмейді.

2. Жаңаөзен қаласында құрылған округтер бой­ынша сайланатын Маңғыстау облысы Жаңа­өзен қаласының мәслихаттары депутаттарының және Маңғыстау облыстық мәслихаты депутат­тарының кезекті сайлауы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайдың күші жойылғаннан кейін тағайындалсын және өткізілсін.

3. Маңғыстау облысының тиісті сайлау ко­мис­сияларының осы қаулының 1 және 2-тармақ­тарында аталған сайлауларды әзірлеу мен өткізу жөніндегі жұмысы, бұл мәселелер бойынша бұрын қабыл­дан­ған шешімдердің күшін жоя отырып, тоқтатылсын.

4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралда­рында жариялансын және Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.

5. Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы осы қаулыны Жаңаөзен қаласы сай­­лау­шыла­ры­ның, аумақтық және округтік сайлау комиссия­ла­рының назарына жеткізсін.

6. Орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С. Мелдешовке жүктелсін.

7. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.МЕЛДЕШОВ