Президент Жолдауынан кейін мұғалім мәртебесі туралы әртүрлі ұсыныстар талқылана бастады.

Ең бірінші орында – мұғалімдердің зейнет жасы мәселесі. Расында, қазір білім саласындағы реформа, кездесетін қарама-қайшылықтар, жергілікті органдардың жауапсыздығы мен заңды орындамауы, «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында енгізіліп жатқан, әсіресе kundelik.kz электронды журналын толтыру мәселесі жүйкені жұқартып жібергені рас. Бұл туралы кейінірек тоқталамыз. Мұғалімдердің ішінде зейнет жасына жетпей зейнетке шығып бір-екі жылдан кейін өмірден өткен ұстаздарымды көргенде, бір жағынан тағдыр шығар дегеніммен, ойлануға тура келеді. Сондықтан мұғалімнің зейнет жасын қысқарту – кезек күттірмейтін мәселе.
Екінші орында – материалдық-техникалық база. «Білім туралы» заң бойынша мектептерді керек-жарақпен қамтамасыз ету – жергілікті атқарушы органның еншісінде. Мектептерге кеңсе тауарлары, принтер, компьютер жөндеу, картридждерді ауыстыру, тіпті оған сия құюды да жергілікті атқарушы орган «Білім туралы» заңының 6-бабына сәйкес беруі тиіс. Бірақ бұл көп жерде берілмейді, заң орындалмайды. Бәлкім сотқа беріп, заңды құқығымызды талап ету керек шығар.
Үшінші орында тұрған мәселе – мұғалімдердің баспасөзге жазылуы туралы. Бұл туралы бұрыннан айтып келеміз. Мұғалімді газеттер мен журналдарға ешкім мәжбүрлеп жаздыра алмайды. Мәжбүрлеген адам заң алдында жауапты. Бұл еліміздің Конституциясы бойынша жеке азаматтардың құқықтарына қол сұғу және кемсітушілік сипатта қарастырылады. Қылмыстық кодекс бойынша жауапқа тартылады. Мәжбүрлеген адам бұл үшін бас бостандығынан да айырылуы мүмкін. Өкініштісі, біз заңға жүгіне бермейміз. Баспасөз мәселесі тікелей мұғалімнің өзіне байланысты.
Төртінші орында тұрған – сенбіліктер. Бұл – Кеңес Одағынан қалған сарқыншақ әдеттердің бірі. Ол кезде мұны ақша үнемдеу үшін жасайтын. Қазір жетпейтін ақшаның орнын жабу ма дейсің. Қарсылық жоқ, тазалағысы келгендер бара берсін, бірақ сабақтан тыс уақытта. Сонымен қатар мектептің маңайының шөбін жұлу сияқты «қызметтер» де қосылып кеткен. Жұмыс беруші мұғаліммен жасалған келісімшартта көрсетілмеген жұмысқа мұғалімдерді жегуге құқығы жоқ. Сонымен қатар бұл туралы Ата Заңымызда, Білім туралы заңда көрсетілген. Енді мұғалім өзі талап ете алмаса, айтпаса кім кінәлі? Педагог қызметкерлерді өз қызметімен байланысы жоқ жұмыстарға салуға тыйым салынған. Мереке (демалыс) күндері кезекшілікке қою да заңға томпақ келеді. Қойылған адамға қосымша ақша төлену керек немесе басқа күндер есебінен демалыс берілуі керек.
Бесінші орында – қағазбастылық. Министрлік қағазбастылық азаяды дегенімен, жаңартылған мазмұндағы білім беру реформасы қағазды азайта алмай отыр. Бұрынғыдан екі еселенді десек те болады. Сабақ сайынғы формативті бағалау, бөлімдік жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау, т.б. қағазды көбейте түспесе азайтқан жоқ. Әзірге мұғалімдер интернетте НЗМ дайындаған осы дүниелерді тапсырып жүр. Интернеттен мұғалімдер ғана емес, оқушылар да алуды үйренді. Жиынтық бағалауды әр мұғалім негізі өзі де жасауына болады. Бірақ уақыттың тапшылығы қолбайлау болып тұрғаны.
Алтыншы мәселе – kundelik.kz сайты арқылы толтырылатын электронды журнал мәселесі. Кейбір жерлер екеуін де толтырып отыр. Бұл жобаны тікелей мұғалім қалтасын қағуға келген бе дерсің. Шет аудан түгілі қаланың іргесінде тұрып интернет мәселесі шешілмеген жерлер бар. Интернет іздеп сабылған мұғалім. Кейбірі өзінің қалта телефонынан кіріп, кейбірі басқа жақтан әріптестерін көмекке шақыруға мәжбүр. Оның үстіне рейтинг қуалау деген тағы бар. Неге мұғалім күнделікке кіргісі келмейтін ата-ана мен оқушының (жағдайы келмеуі де мүмкін) орнына кіріп клоун болуы керек?! Электронды күнделікке кірмейтін ата-ана үшін журналға түсіндірме жазуы керек? Бұрыннан айтып келеміз, алдымен мектептердің жағдайын жасау керек.
Жетінші – жұмыс аптасы туралы. Қазір мектептерде бес күндік жұмыс аптасы. Мұғалімдер үшін алты күндік жұмыс аптасы. Заң не дейді? Мұғалімнің ақша төленіп отырған сағаты – 18 сағат. Басқа ештеңеге төленбейді (қосымша жұмысы болмаса). Аптасына 40 сағат жұмыс уақыты делік. 18 сағат астрономиялық сағатқа толмайды. Осы уақыттың ішіне мұғалімнің мектепте жүрген уақыты (үзіліс) жиналыстарға қатысуы, дәптер тексеру, шараларға қатысуы, үйде сабаққа дайындалғаны, түннің ортасына дейін ұйқы көрмей электронды журналды толтыруы, барлығы осы 40 сағаттың ішіне кіреді. Сонда мұғалімнің жұмыс уақыты 40 сағаттан асып кетеді. Ал директорлар болса сенбі күні де мұғалімдердің мектепте жүргенін қалайды. 5 күндік сабақ деп 8 сағат сабақты 5 күнде «қылқынып» өткеннен гөрі 6 күн өткен әлдеқайда жеңіл. Сондықтан мектеп директорлары да ойланулары керек.
Білім саласында көлденең көк аттылардың медаль саудасына тыйым салу керек.
Білім және ғылым министрлігі мектептерді әкімдіктерден бөліп алса деген де ұсыныс жиі көтеріліп жүр. Сонда барлығын әкімдікке ысыра салып отырмас еді. Әкімдік те мектепке қарап тегін жұмысшы іздеп «ұлымас» еді. Сонымен қатар биылдан бастап мектеп директорларын сайлау бастамасы да көтеріліп жатыр. Дұрыс, дегенмен мектеп директорын мұғалімдерге сайлату керек. Мұғалім сайлаған директор әкімдерден гөрі мұғалімдердің жағдайын ойлайды.
Енді бір мәселе – аттестациялық тестілеу мәселесі. Тестілеумен мұғалімнің дәрежесін өлшейтіндей мұғалім ақпарат тасымалдаушы емес, ол – оқытушы! Көрінгеннің проектісінде, құжатында көрсетілген дүниені білуге міндетті емес. Әркімнің өз методикасы, негізге алып отырған ақпарат көздері бар. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, өзінің методикасын дәлелдеуі керек. Сондықтан біліктілікті тестілеумен өлшеген дұрыс емес. Қазіргі заманда ақпарат күнде өзгереді. Кез келген ақпаратты әркім әр жерден ала алады. Мұғалімнен теробайттық флешка жасағанды доғаратын уақыт жетті.
Жаңартылған мазмұндағы білім беру жүйесі қағазға көміп қойды. Бас көтертпейді. Керексіз жақтарын сіз болып, біз болып алып тастауды талап етуіміз керек. Осылай жалғаса берсе, таяу уақытта мектепте мұғалім таппай қалуымыз да ықтимал.
Мейіржан ТЕМІРБЕК,
«Мұғалім мәртебесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Шығыс Қазақстан облысы
Елбасы мемлекеттік наградаларды табыс етті
Қазақстан • Бүгін, 20:20
Маттео МАЦЦОНЕ: «Мен Алматы ұлттың мәдени астанасы екендігі жайлы жиі естуші едім»
Аймақтар • Бүгін, 20:17
Президент мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды табыстауға арналған салтанатты рәсімге қатысты
Президент • Бүгін, 18:50
Нұр-Сұлтанда «Поэзия Падишасы» атты әдеби-сазды кеш өтті
Қазақстан • Бүгін, 18:46
Гаэтанно Доницеттидің «Дон Паскуале» операсын бірінші алматылық журналистер тамашалады
Аймақтар • Бүгін, 18:44
Елордада көпбалалы аналар алтын және күміс алқалармен марапатталды
Қазақстан • Бүгін, 18:13
Алматыда «Инемен жазылған кескіндеме» атты көрме ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:57
Алматы облысында жасөспірімдерді зорлау оқиғасы көбейді
Аймақтар • Бүгін, 17:54
Елордада иппотерапиямен айналысу үшін жабық манеж салынады
Қазақстан • Бүгін, 17:51
Сенат комитетінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер қаралды
Парламент • Бүгін, 17:48
Алматыға 62 жылдан кейін әйгілі «Дон Паскуале» операсы оралды
Аймақтар • Бүгін, 17:41
«Орбұлақ шайқасы» көрерменге жол тартады
Кино • Бүгін, 17:27
Нұрлан Ноғаев: «Экология проблемасы Атырау облысының барлық тұрғындарын алаңдатады»
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Шеңгелдінің алтын-күмістерімен айшықталған жібектері
Аймақтар • Бүгін, 17:11
Алматыда «Ұлы дала – түркі халықтарының ортақ мекені» конференциясы өтті
Аймақтар • Бүгін, 17:07
Атырау тұрғындарының 80% МӘМС жүйесінде сақтандырылған
Аймақтар • Бүгін, 17:03
Алматы облысында ана мен бала өлімінің 12 дерегі тіркелді
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Ирактан қайтарылған балалар туыстарымен қосылды
Үкімет • Бүгін, 16:46
Алматыда үздік детектив шығарма иелері марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 16:44
Сенатта «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды
Парламент • Бүгін, 16:41
2025 жылға дейін Маңғыстауда 40 инвестициялық жоба жүзеге асады
Аймақтар • Бүгін, 16:37
«Қарақия – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 16:27
Сыйақы қоры – бес миллиард теңге
Аймақтар • Бүгін, 16:18
Маңғыстаулық полицейлер Түпқараған ауданында болды
Аймақтар • Бүгін, 16:03
Маңғыстаулық еріктілер әлеуметтік көмектер көрсетуде
Аймақтар • Бүгін, 15:57
Ақтауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін атап өтті
Аймақтар • Бүгін, 15:47
Болат Хабижанұлы «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды
Руханият • Бүгін, 15:44
Қазақстан • Бүгін, 15:41
Бұл шара – біздің Тәуелсіздік күніне тартуымыз
Қазақстан • Бүгін, 15:35
Елордада заңсыз салынған нысандар сүрілетін болады
Қазақстан • Бүгін, 15:31
Нұр-Сұлтанда АҚИҰ штаб-пәтері ашылды
Үкімет • Бүгін, 15:28
Алматының Бас құжатының соңғы нұсқасы талқыланып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:21
Көксу ауданының дәрігерлері көне ғимараттарда қызмет көрсетуде
Аймақтар • Бүгін, 15:14
Қостанайда балаларға арналған оңалту орталығы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 15:11
Алматы облысында тұрғыны аз ауылдың ауруханасы оңтайланбақ
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Жансейіт Түймебаев «Egemen Qazaqstan» газетінің журналистерін марапаттады
Руханият • Бүгін, 13:05
Д.Назарбаева Мал шаруашылығы және ет-сүт кешенінің өкілдерімен кездесті
Парламент • Бүгін, 12:56
Д. Назарбаева астық бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті
Парламент • Бүгін, 12:51
Елордада ÁMEN анимациялық кинофестивалінің тұсаукесері өтті
Қазақстан • Бүгін, 12:46
Елордада мереке күндері қоғамдық көлік күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді
Қазақстан • Бүгін, 12:43
Бүгін «Мастерс» турнирі басталады
Күрес • Бүгін, 12:38
Алматыда «Латын графикасына көшудің стратегиясы, ұлт болашағы» тақырыбында семинар өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:22
Цифрлы қоғамның қаламгерлерінің атына ашылған веб-сайттың сертификаты табыс етілді
Аймақтар • Бүгін, 12:11
Алматының үздік боксшылары анықталды
Бокс • Бүгін, 12:02
«Өрлеуде» конкурс жеңімпаздары марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 11:52
ҚАЖ қызметкерлері тарихи мұражайға барды
Аймақтар • Бүгін, 11:49
Бокс: Жарыс жеңімпаздарына спорт шебері атағы берілсе игі
Бокс • Бүгін, 11:40
Діни рәсімдердің өз тәртібі бар
Қазақстан • Бүгін, 11:27
Руханият • Бүгін, 11:08
Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды
Президент • Бүгін, 11:07
Қорғаныс министрлігінде әскери спортшыларға құрмет көрсетілді
Үкімет • Бүгін, 11:01
Норвегияда «Әміре» фильмі көрсетілді
Әлем • Бүгін, 10:53
Б. Мәкен «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Орталық музейде «Алтын орда - қазақ мемлекетінің алтын бесігі» атты көрме ашылды
Аймақтар • Бүгін, 10:34
Алматыда зорлық-зомбылық экстремизмді алдын алу мәселелері талқыланды
Үкімет • Бүгін, 10:19
Алматыда «Қазақтелефильм» студиясына ескерткіш тақта орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 10:12
Футбол: Чемпиондар лигасының плей-офф додасына шыққандар анықталды
Футбол • Бүгін, 10:06
Халық әртісі Еркеғали Рахмадиевтің үйіне ескерткіш тақта қойылды
Қазақстан • Бүгін, 10:00
Кәсіпқой бокс: Алматыда кімдер жұдырықтасады?
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 09:50
Облыстық Ассамблея жылды қорытындылады
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Білім беру сапасын қалай арттыруға болады?
Парламент • Бүгін, 09:30
А. Мамин Лондон қаласына жұмыс сапарымен барды
Үкімет • Бүгін, 09:26
Алматы облысында субсидия алмаған шаруа 3 жылдан бері әділдік іздеп жүр
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:22
Жылдың қорытынды турниріне қатысады
Спорт • Бүгін, 07:17
«Алтын сақа» үздіктері анықталды
Ұлттық спорт • Бүгін, 07:15
Руханият • Бүгін, 07:09
Қоғам • Бүгін, 07:04
Қайырымдылық жобаларына 6 млрд теңге бөлген қор
Қоғам • Бүгін, 07:02
Ұқсас жаңалықтар