Әкемтеатрдың бутафория цехы қақпасын ашсаң, қазынасы шашылып түсетін көмбенің өзі. Тарихи жәдігерге тұнып тұрған еліміздегі кез келген маңдайалды музеймен бәс тігуге қоры да, қарымы да жеткілікті.

Мұндағы бір ғана Серке Қожамқұлов ұстаған қамшының өзі неге тұрады? «Асауға тұсауда» Шәкен Аймановтың Петручио рөлінде киіп, жуыла-жуыла жұқарып, жыртылып кеткен шалбары, кейінгі актрисалар «жолын берсін» деп ырымдап бір кигеннен кейін әспеттеп орнына қайта қоятын Сәбира Майқанованың көлдей кимешегі, өнер майталмандарының қолжазбалары, күнделіктері, 1930 жылдардағы спектакль афишалары, тізе берсең, таусылмайтын бұйымдардан тұтас бір музейді табан астында жасақтап қоюға театрдың мүмкіндігі әбден жетеді. Осылардың ішінде «Ымырттағы махаббат» атты спектакль қойылған сайын ыңыршағы шықса да, сахнада «өз рөлін ойнап тұратын» айрықша көне жәдігер көзімізге ыстық тартады. Көрген сайын өзімізге қоятын бір сұрағымыз тағы бар. «Өткен ғасырларда ақсүйектер ғана тұтынған ағашы да, сүйегі де асыл, қымбат жиһаз қазақ театрының сахнасында қайдан жүр?» Түйсігіміз алдамапты, камод, диван, үстелі, төрт креслосы, барлығы жеті бұйымнан тұратын жиынтық жәдігердің тарихын көп жылдар бойы театрдың бас суретшісі болған Есенгелді Тұяқов тамылжытып тұрып айтып берді.
– Бұл жиһазды дәл қазір аукционға қойып сатсаңыз, миллиард тұратынына кепілдік бере аламын. Бір орындығының өзін осы саланың мықты мамандары еш қиналмай 100 мың доллардан артық бағалайтыны анық. Өйткені бұл – баға жетпес раритет. 1980 жылдардың тұсында театр «Шоқан Уәлихановты» сахналайтын болды. Мен патшаның салтанатын асыратын, заманына лайық жиһаз іздей бастадым. Себебі Шоқанның патшамен кездесетін сахнасы бар еді. Сол заманды паш ететін патша палатасына ғана тән ақсүйектік әдемі жиһаз керек болды, ал оны ағаш шеберіне тапсырыс беріп жасатсаң, қарабайыр болып шығатыны белгілі және мұны залда отырған көрермен міндетті түрде аңғаратын еді. Қайтпек керек?
Бір күні Есенгелді ағамыздың көктен іздегені жерден табылады. Театрға сүйегіне ілінген арық, таяғына сүйеніп аяғын әрең сүйретіп басатын орыс кейуанасы келіп суретшіні сұрайды. Жөн сұрасқан соң әлгі қария шаруасын айтады. «Білесіз бе, менің үйімде өте көне, тарихи жиһаз бар еді. Сіз соны көресіз бе? Себебі ол қымбат бұйымның бағасын бір білсе, осы өнердің маңайында жүрген адамдар ғана біледі. Менің әжемнің көзіндей әулеттік асыл мұраны басқа ешбір жанға сеніп тапсыра алмаймын. Мен қартайдым, бұл жақта ет жақын ешкімім қалған жоқ, Одессаға, еліме кетемін» дейді...
Тұяқов пәтерге кіріп барғанда, талып түсе жаздайды. Оның алдында ХVІІІ ғасырдың жақұтқа бергісіз жәдігері тұр еді.
1730 жылдары Петербургте әйгілі желтоқсан оқиғасы болып, көтеріліске шыққан декабристердің үлкен бөлігі Қиыр Шығысқа жер аударылады. «Бастан құлақ садақа» деп жүріп кету қайдан оңай болсын, ит арқасы қиянға күйеулерінің артынан іздеп барғанда, қу дүниені көзі қимаған әйелдері үй жиһазына дейін арқалай шығады. Солардың бірі аязда қалды ма, әлде аштық себеп болды ма, Владивостокқа дейін жете алмай, жолда жиһазын сатып кетуге мәжбүр болады. Ал сатып алған адамы – әлгі кейуананың арғы әжесі екен.
Бұл жиһаздың бірегейлік маңызы сонда, онда бір отбасының өмірі тұтастай ағаш бетіне ойылып салынған. Есігінде құлақкесті құл мен күң ғана емес, арыстанға дейін ұстаған қожайынның үстемдігін, жеміс жеп, жүзімнің ғана шарабын ішкен аса бақуаттылығын қолөнер шебері айнытпай ағаш тілімен сөйлетеді. Ал жиһаздың өзі судың астында 300 жыл жатып, кептірілген ағаштан жасалған. Мұны және жиһаздың жасалған жылын Эрмитаж мамандары анықтаған. Себебі қария алдымен Ленинградтағы Эрмитажбен хабарласады. Олар Алматыға келіп жиһазды алып кетуге уәде етеді, бірақ әлдеқандай себептермен кешеуілдей береді. «Менің күтіп отыруға уақытым жоқ, Одессаға тезірек кетуім керек» деп сексеннен асқан қарт әжей амалының жоқтығынан театрға бар болғаны 1500 долларға, жай ғана символикалық бағаға есептеп бере салады. «Мен бұл жиһазды сізге өзімді және өз жүрегімді сеніп тапсырғандай сеніммен тапсырамын. Мұның бағасын сізден басқа ешкім білмейді, аялап ұстап, көздің қарашығындай сақтаңыздар» дейді әулеттің қимас мұрасын қалдырып бара жатқан қария...
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Egemen Qazaqstan»
АЛМАТЫ
Түркістан облысында электронды түрдегі қызметтің үлесі – 88 %
Аймақтар • Бүгін, 12:08
Саз балшықтан қөлөнер бұйымдарын жасаудан шеберлік сағаты өтті
Руханият • Бүгін, 12:04
Алматыда патриоттық әндер кеші өтті
Руханият • Бүгін, 12:00
Мемориалды музейде Нұрғиса Тілендиевтің ноталық қолжазбалары сақталған
Руханият • Бүгін, 11:52
Қонаев музей-үйі мұрағатында 5 мыңнан астам кітап сақталған
Руханият • Бүгін, 11:40
Үкіметте жоғары оқу орындарын оңтайландыру мәселесі талқыланды
Үкімет • Бүгін, 11:37
Адамның даму индексі бойынша Қазақстан 189 елдің ішінен 50-орынға ие
Қазақстан • Бүгін, 11:32
Қалқаман Сарин жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:22
Дәстүрлі музыка орталығында ақын-жыраулық өнердің асыл мұрасы жинақталған
Руханият • Бүгін, 11:18
Қобыз бізге қай дәуірден жеткен?
Руханият • Бүгін, 11:09
Руханият • Бүгін, 10:56
Димаштың Нью-Йорктегі концерті қалай өтті (фоторепортаж)
Руханият • Бүгін, 10:41
Оралда «Business Power-2019» бизнес форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 10:28
Алматылық «Еңбек ардагері» Людмила Коваль 100 жасқа толды
Қоғам • Бүгін, 10:17
Аграрлық грантпен ЖОО-да оқыған түлектер ауылда 3 жыл жұмыс істейтін болады
Қоғам • Бүгін, 10:07
Алматыда «Әскерге шақырушылар күніне» арналған концерт өтті
Қоғам • Бүгін, 09:56
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Сан-Францискоға барды
Үкімет • Бүгін, 09:42
Батыс Қазақстан облысында газ кешені іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 09:39
Руханият • Бүгін, 09:32
Жамбыл облысының Сарысу ауданында ит-құс көбейіп барады
Қоғам • Бүгін, 09:28
Теннис: Испаниядан олжалы оралдық
Спорт • Бүгін, 09:20
Әлем мойындаған қазақстандық даму моделі
Қазақстан • Бүгін, 07:18
Қоғам • Бүгін, 07:15
Шахмат – спортта да, өмірде де дұрыс қадам жасауға үйретеді
Парламент • Бүгін, 07:10
Халықты білікті заң көмегімен қамтамасыз ету қажет
Қоғам • Бүгін, 07:08
Жас мұнайшыларға жақсы мүмкіндік
Аймақтар • Бүгін, 07:05
Аймақтар • Бүгін, 06:58
«Таңғажайып әуен» фестивалі өтті
Руханият • Бүгін, 06:56
Баға QR кодтар арқылы беріледі
Медицина • Бүгін, 06:53
Аймақтар • Бүгін, 06:52
Түркістан адалдық мекеніне айналады
Қоғам • Бүгін, 06:42
Ғасыр шежіресін таспалаған «Қазақтелефильм» студиясына – 50 жыл
Кино • Бүгін, 06:40
Сармат көсемі Санкт-Петербургке сапарлады
Қазақстан • Бүгін, 06:38
Руханият • Бүгін, 06:32
Руханият • Бүгін, 06:30
Зорлық-зомбылыққа қатысты заңдар күшейеді
Қоғам • Бүгін, 06:25
Президент • Бүгін, 06:16
Елбасы стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Президент • Кеше
Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды
Президент • Кеше
Ұлттық туризм шетелдік туроператорлардың қызығушылығын арттыруда
Аймақтар • Кеше
Өскеменде Оралхан Бөкейдің әдеби залы ашылады
Аймақтар • Кеше
«Өңір» депутаттық тобының Қарағанды облысында көшпелі отырысы болды
Парламент • Кеше
Мемлекет басшысы Вагит Алекперовті қабылдады
Президент • Кеше
«Алматы-2050» стратегиясында адами құндылықтар басты назарда
Аймақтар • Кеше
Елордалық авиациялық базаның құрылған күні
Үкімет • Кеше
Жамбыл кітапханасында - «Жетісудың жас қаламгерлері»
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Түркістан: Тапсырманы орындамағандар қызметімен қоштасады
Аймақтар • Кеше
Қарт қолөнер шеберлерлері киізден киімдер тігуді қолға алды
Аймақтар • Кеше
Алматының рухани келбеті ажарлана түсті
Аймақтар • Кеше
Елордалық ұстаздар Кембридж университетінде біліктілігін арттырды
Қазақстан • Кеше
«Мастерс» турниріне тоғыз дзюдошымыз қатысады
Спорт • Кеше
Қарулы Күштерде мамандарды даярлау басталды
Қазақстан • Кеше
Футзал: Әлемдік рейтингте жетінші орында тұрмыз
Футбол • Кеше
10 желтоқсан - Астананы ресми көшіру күні
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар Татарстан Президентімен кездесті
Парламент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар