«Машина жасау, металлургия, құрылыс материалдарын өндіру, тамақ өнеркәсібі, сусындар шығару артты. Тамақ өнімдерін өндіру өңдеу өнеркәсібіндегі барлық өндірілген өнімінің 42 процентін құрайды. Ал машина жасаудың көрсеткіші өз алдына бір төбе. «СарыарқаАвтоПром» машина жасау зауытында өткен жылы 11766 жеңіл жүрдек көлік сапқа қойылды. Бұл - машина жасау 2,2 есеге өсті деген сөз. Сонымен қатар жүк машиналарының, ауыл шаруашылығы техникаларының өсімі де бар. Жалпы өңдеу саласында еңбек өнімділігі 8,7 процентке өсті» деді Ерлан Махмұтұлы.
Облыс экономикасы саласындағы өткен жылдың жақсы бір көрсеткіші – өнімді экспорттаудың артуы. Мысалы, өсімдік майын сыртқы нарыққа шығару 6,2 есе, жарма 7 есе, ет өнімдері 4 есе, кондитер бұйымдарын экспорттау көрсеткіші де артқан. 1700 тонна ет экспортталған.
«Биыл қытайлық инвесторлар 20-25 мың автомобильді сапқа қоюды ойластырып отыр. Өткен жылы Қостанайда өндірілген 9054 «Хюндай» және 1319 «JAC» сыртқа сатылған еді. Енді биыл инвестор «JAC» автомобиліне көңіл бөлетін болады. Сондықтан темір тұлпарлардың қайсысы көп сатылатын болса, соған қолдау жасайтын боламыз» деді аппарат мәжілісінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.
Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
«Egegmen Qazaqstan»
ҚОСТАНАЙ