Аймақтар • 22 Қаңтар, 2019

Қарасай ауданында үш ауысымды мектептер саны азаймақ

1029 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында апатты мектептер мен 3 ауысымда оқытатын білім мекемелерінің санын азайтуға орай нақты іс атқарылуда. 

Қарасай ауданында үш ауысымды мектептер саны азаймақ

Мектеп жетіспеушілігі әсіресе Алматы қаласы маңындағы аудандарда сезіліп отыр. Мысалға, Қарасай ауданында үш ауысымда сабақ оқытатын 11 мектеп бар екен. Қазір аудан аумағында бұл мәселені шешудің жолы табылған. Бірнеше мектепке қосымша құрылыс салу қолға алынса, жаңадан 4 мектеп салынуда.

- Үш ауысымды мектептерді жою Елбасы Жолдауында айтылып, облыс әкімі тарапынан нақты тапсырма ретінде берілді. Бүгінде біздің ауданда бұл іс қолға алынды. 4 мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Соның бірі Әйтей ауылындағы 1200 оқушыға арналған үлкен мектеп. Нысан жаңа оқу жылында пайдалануға берілмекші. Ал Қаскелең қаласындағы, Абай, Көксай, Шамалған ауылдарындағы орта мектептердің ғимараты кеңейтіліп, қосымша құрылыс салынуда. Мақсатымыз, аудан бойынша үш ауысымды мектептердің болмауына жағдай жасау, - дейді Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы