Жалпы, 2018 жылы өңір кәсіпкерлері тарапынан Кәсіпкерлер палатасына 25 шағым түсіп, оның 70 проценті шағын және орта бизнестің пайдасына шешілген.
- Кәсіпкерлерден түсетін өтініштердің басым бөлігі жер қатынастары мен мемлекеттік органдар әрекетіне шағым жасауға қатысты болып отыр. Демек, бұл бағыттағы жұмысымызды әлі де ширата береміз. Бизнеске атқарушы билік тарапынан қолдау көбейген сайын, жеке бас мүддесін көздеген кейбір шенділердің теріс әрекетін де жасырмай айтуымыз керек. Өткен жылы кеңестің арласуымен осындай 3 шенеунік жазасын алды, - дейді Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Баниямин Файзулин.
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Egemen Qazaqstan»
Алматы облысы