11 Қаңтар, 2012

Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2012 – 2014 жылдарға арналған БАС КЕЛІСІМ

379 рет
көрсетілді
36 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2012 – 2014 жылдарға арналған БАС КЕЛІСІМ

Сәрсенбі, 11 қаңтар 2012 6:19

Біз, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің (бұдан әрі – Тараптар) өкілетті өкілдері:
Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау;
мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі, өзара сыйластығы мен олардың мүдделерін білдіруде ымыраға барынша қол жеткізу;
елдің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асырудағы ынтымақты жауапкершілік және оның жер-жерлерде нақты жүзеге асырылуына ықпал ету;
әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу;

Сәрсенбі, 11 қаңтар 2012 6:19

Біз, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің (бұдан әрі – Тараптар) өкілетті өкілдері:
Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау;
мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі, өзара сыйластығы мен олардың мүдделерін білдіруде ымыраға барынша қол жеткізу;
елдің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асырудағы ынтымақты жауапкершілік және оның жер-жерлерде нақты жүзеге асырылуына ықпал ету;
әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу;

лайықты еңбек ету үшін жағдайларды қамтамасыз ету ісінде сындарлы өзара іс-қимыл мен қызметкерлер мен жұмыс берушілердің әлеуметтік-экономикалық мүдделері, қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау қағидаттарын басшылыққа ала отырып,
2012 − 2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу барысында әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары бойынша Тараптардың келісілген ұстанымдарын және оны іске асырудың бірлескен іс-қимылдарын айқындайтын 2012 − 2014 жылдарға арналған осы Бас келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасастық.

І. Экономикалық саясат
Тараптар алдағы кезеңде мемлекетіміздің экономикалық саясаты экономиканы жаңғырту және Үдемелі индустриалық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру, тарифтік саясатты жетілдіру, бәсекеге қабілеттілікті қорғау және еліміздегі бизнес климатты жақсарту негізінде тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған болуға тиіс деп есептейді.
Осыған байланысты Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
1.1. Экономиканың ықтимал даму нұсқалары кезінде қатерлерді азайтуға бағытталған макроэконо­микалық саясатты жүргізу негізінде 2012 − 2014 жылдары теңгерімді экономикалық өсуді қамтамасыз етуге ықпал ету.
1.2. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын;
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010 − 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны;
Білім беруді дамытудың 2011 − 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын;
Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану және дамытудың 2011 − 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;
Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 − 2020 жылдарға арналған бағдарламасын;
2011 − 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын;
Қазақстан Республикасының агрокәсіптік кешенін 2010 − 2014 жылдарға арналған дамыту бағдарламасын іске асыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру.
1.3. Өндірісті жаңғыртуда және дамытуда инвестицияларды жүзеге асыратын ұйымдарды ынталандыру жүйесі мен тетіктерін жетілдіру.
1.4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыруға бағытталған қаржылық секторды дамыту жөнінде шараларды қабылдау.
1.5. Экономикалық өсуді ынталандыруға және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қамтамасыз етуге бағытталған бюджет параметрлерін қалыптастыруға ықпал ету бюджет қаражатын жұмсау тиімділігін арттыру.
1.6. Қызмет өндірушілер және тұтынушылар арасындағы мүдделерді тең сақтау қажеттілігіне сүйене отырып, тариф саясаты шараларын жүзеге асыру.
1.7. Табиғи монополиялар субъектілерін тариф деңгейінің болжануын және тұрақтылығын қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік реттеу жөніндегі жұмысты жалғастыру.
1.8. Өндірісті ұйымдастырудың, менеджмент жүйесінің жаңа әдістерін, жаңа технологиялар мен техниканы енгізу, жалақыны арттыру есебінен еңбек өнімділігі мен сапасын арттыру.
1.9. Ведомствоаралық комиссиялардың, сондай-ақ Үкімет және орталық мемлекеттік органдар жұмыс топтарының еңбек қатынастары және әлеуметтік-экономикалық мәселелермен байланысты заңнамалық актілер жобаларын әзірлеу және қарау жөніндегі жұмыстарына қатысу.

ІІ. Еңбек нарығын дамыту, халықтың тиімді жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу
Тараптар адам әлеуетін оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәнінде дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыруда, жоғары сапалы еңбек ресурс­тарына сұранысты қалыптастыру, лайықты еңбек және лайықты еңбекақы үшін жағдайлар жасау міндеттерін шешуде күш-жігерді жұмылдыру қажет деп есептейді.
Бұл үдерістер халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарын дамыту саласында әлеуметтік әріптестердің тиімді өзара іс-қимылымен қолдауға ие болуға тиіс. Осы мақсаттарда Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
2.1. Мынадай:
ағымдағы бос жұмыс орындары және болжамды жұмыс орындарының жалпыұлттық деректер базасын қалыптастыру;
қызметкерлерді фирмаішілік даярлау және қайта даярлауды ынталандыру;
жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану және ақпараттық ресурстардың, оның ішінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпараттық порталы шеңберінде қол жетімділігін қамтамасыз ету;
Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін (бұдан әрі − ӘЕСБАЖ) енгізу;
әйелдердің барынша жұмыспен қамтылуы жөнінде шаралар қабылдау (жұмыс күшінде әйелдердің үлесін көбейту);
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы мен халықты жұмыспен қамтудың өңірлік бағдарламалары аясында әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға, жастар практикасына жіберілген адамдарға мемлекеттік қолдау көрсету;
Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шараларын іске асыруды қамтамасыз ету.
2.2. Мынадай:
ұлттық біліктілік жүйесін дамыту, кәсіптік стандарттарды әзірлеу, жұмысшылар мен кәсіптердің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын және басшылардың, мамандардың және қызметшілер лауазымдарының бірыңғай біліктілік анықтамалығын жаңарту;
экономиканың инновациялық даму қажеттілігіне кәсіптік білім беру жүйесін бейімдеу;
халыққа кәсіптік бағдар беру, оның ішінде мектеп оқушыларын кәсіптік бағдарлау жүйесін дамыту;
жұмыс берушілерді өзінің оқу-материалдық базасын дамытуға, бейінді кәсіптік білім беретін оқу орындарының материалдық базасын және білім беру үдерісін жаңғыртуға және басқаруға, қызметкерлердің қажетті дағдыларды үйренуіне және білім алуына жағдайлар жасауға қатысуға тарту жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
2.3. Ұлттық еңбек нарығын қорғау, жоғары білікті жұмыс күшін тарту үшін жағдайлар жасау бөлігінде халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету.
2.4. Тараптар бұл ретте:
Қазақстан Республикасының Үкіметі қиын ахуалдар туындаған жағдайларда еңбек нарығындағы шиеленісті төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау;
қалалар мен елді мекендерде экономикаға қайта құрылымдау жүргізгенде, жұмыспен қамту құрылымының түр-түрін көбейткен кезде халықты жұмыспен қамтуды қолдау тетіктерін жетілдіру;
жұмысынан айырылған немесе толық емес жұмыспен қамтылған жағдайда азаматтарды қолдау және материалдық кепілдік беру жолдарын жетілдіру;
халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер сапасын ұдайы бағалауды (мониторинг жүргізуді) жүзеге асыру қажет деп есептейді.
2.5. Халықаралық еңбек ұйымының «Көші-қон саласындағы асыра пайдаланушылық пен көшіп-қонушы еңбекшілерге тең мүмкіндік беру және оларға тең қарауды қамтамасыз ету туралы» № 143, «Көшіп-қонушы еңбекшілер туралы» № 97 конвенцияларын ратификациялау жөнінде техникалық консультациялар жүргізу жұмыстарын жалғастыру.

ІІІ. Тұрғындардың еңбекақысы, табысы мен өмір сүру деңгейі
Тараптар алдағы кезеңде қызметкердің лайықты еңбекке құқығын, жалақысының деңгейін арттыруды, табыс саясатын жетілдіру және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру қажет деп есептейді.
Осы мақсаттарда Тараптар еңбекті ұйымдастыруды және жалақыны жетілдіруге, қызметкерлердің білік­тілігін арттыруға, экономиканы тұрақты дамыту мақсатында еңбек өнімділігін арттыруға ықпал ететін болады.
Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
3.1. Ең төмен күнкөріс деңгейін айқындаудың әдістемесін жетілдіру мәселелері жөнінде техникалық консультация беруді жалғастыру.
3.2. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйым қызметкерлерінің, азаматтық қызметшілердің еңбекақы деңгейін арттыруға бағытталған еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіруді жалғастыру.
3.3. Халықаралық еңбек ұйымының «Еңбекақыны қорғау туралы» № 95, «Ең төмен жалақы белгілеу рәсі­мін жасау туралы» № 26 және «Дамушы елдерді ерекше ескере отырып ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» № 131 конвенцияларын ратификациялау жөнінде техникалық консультациялар жүргізу жұмыстарын жалғастыру.
3.4. Салалық келісімдерге қосылуды және тиісті саладағы ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстармен айналысатын қызметкерлер үшін арттырушы салалық коэффициенттер мөлшерін нормативтік тұрғыдан бекітуді қамтамасыз ету.
3.5. Ұқсас жұмыстарды орындау кезінде және бірдей біліктілікке сәйкес келетін шетелдік және отандық қызметкерлер арасындағы еңбекақы төлеу саласында кемсітушілікке жол бермеуге ықпал ету.
3.6. Еңбек заңнамасы нормаларының сақталуына мониторинг жүргізу.
3.7. Тиісті саладағы ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда жұмыс істейтін қызметкерлер үшін ең төмен еңбекақы төлеу стандартын пайдаланудың қолданыстағы жүйесіне талдау жүргізу және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

IV. Әлеуметтік қамсыздандыру және қорғау, тең мүмкіндіктер беру саясаты
Әлеуметтік саланы жаңарту және халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту, әлеуметтік қамсыздан­дырудың тиімді және тұрақты жүйесін дамыту, жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
4.1. Әлеуметтік қамсыздандырудың мемлекеттік стандарттары жүйесін оларды халықаралық стандарттар мен нормативтерге сәйкестікке келтіру мақсатында жетілдіру жұмыстарын жалғастыру.
4.2. Халықаралық еңбек ұйымының «Әлеуметтік қамсыздандырудың ең төмен нормалары туралы» № 102 конвенциясын ратификациялау жөнінде техникалық консультациялар жүргізу жұмыстарын жалғастыру.
4.3. Сақтандыру қағидаттары негізінде әлеуметтік қатерлерден қызметкерлерді барабар қорғауды қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру және осы мақсаттарда:
әлеуметтік қатерлерді міндетті сақтандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге;
міндетті әлеуметтік сақтандыруды әкімшілендіру жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру.
4.4. Зейнетақы жүйесін жетілдіру шараларын әзірлеу және іске асыру.
4.5. Халықтың әлеуметтік әлжуаз санаттарын әлеуметтік қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыру шараларын қабылдау.
4.6. Тегін медициналық көмектің мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды айқындау және іске асыру.
4.7. Жұмыс орнында, әлеуметтік мәні бар аурулардың профилактикасын қоса алғанда, денсаулықты сақтауға бағытталған корпоративтік әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру тәжірибесін таратуға ықпал ету.
4.8. Тараптар мынадай мәселелер:
табысы әртүрлі деңгейдегі тұрғындар топтарына тұрғын үйге қол жетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шараларды әзірлеу;
тұрғын үй және коммуналдық қызметтердің бағалары мен тарифтерін мемлекеттік реттеу, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру бойынша консультациялар жүргізу туралы уағдаласады.
4.9. Қазақстан Республикасында 2006 – 2016 жылдарға арналған гендерлік теңдіктің стратегиясын іске асырудың:
ана мен баланы қорғауды, әйелдерді әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында гендерлік проблемаларды шешуге;
балалардың күтімімен және олардың тәрбиесімен айналысатын ерлер мен әйелдерді тең құқықтар негізінде қолдауға;
әйелдердің шешім қабылдау деңгейіндегі өкілдігін арттыруға бағытталған шараларын жүзеге асыру.
4.10. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға, еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласында жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету міндеттерін шешуге бағытталған іс-шараларды іске асыруға, жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін өздігінен іске асыру үшін жағдай жасауға, жастардың қоғамдық оң бастамаларын ынталандыруға қатысу.
4.11. Халықаралық еңбек ұйымының «Ананы қорғау туралы» № 183, «Еңбекші ерлер мен әйелдерге тең қарау және тең мүмкіндіктер беру туралы» № 156 конвенцияларын ратификациялау шараларын жүзеге асыру.
4.12. Ұйымдарда салалық, өңірлік келісімдер және ұжымдық шарттар жасаған кезде әйелдерге, жастар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға негізгі құқықтар мен кепілдіктерді көздеу.

V. Еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік
Келісім Тараптары адам ресурстарын сақтауды ұлттық басымдықтардың бірі екенін ескере отырып, еңбек жағдайларын және еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті жақсарту мәселелерін қарап:
5.1. Кәсіптік қатерлер мен еңбекті қорғауды басқарудың кешенді әдістерін басқару жүйесін енгізуді қамтамасыз ететін заңнаманы, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, қауіпсіз техника және технологияларды енгізу мақсатында еңбек жағдайлары сараптамасының рөлін арттыруды жетілдіруге.
5.2. Еңбекті қорғауға, өндірістік жарақаттарды және кәсіптік ауруларды төмендетуге бағытталған алдын алу іс-шараларын қаржыландыру шараларын дайындауға және қамтамасыз етуге.
5.3. Өндірістік жарақаттану салдарынан өлім-жітімді азайту және кәсіптік аурулардың туындауының алдын алуға бағытталған еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту шараларын дайындауға және іске асыруды қамтамасыз етуге.
5.4. Балалар еңбегінің ең нашар түрлерін тиімді жоюға бағытталған ұлттық саясатты сақтауға және оны іске асыруға ықпал етуге.
5.5. Статистикалық есептілікті жетілдіруді қоса алғанда, еңбек жағдайлары мен оны қорғаудың жай-күйіне мониторинг жүргізу жүйесін дамытуға.
5.6. ХЕҰ-ның АИТВ/ЖИТС және еңбек саласы бойынша (№ 200) ұсынымдарын жылжыту шараларын қабылдауға.
5.7. Қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, еңбекті қорғау жөнінде қызметкерлерді кешенді даярлауды жетілдіруге.
5.8. Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге.
5.9. Халықаралық еңбек ұйымының «Еңбекті қорғауды басқару жүйесі туралы» № 187 конвенциясын ратификациялау жөніндегі техникалық консультациялар жүргізу жұмыстарын жалғастыруға міндеттенеді.

VІ. Әлеуметтік әріптестікті дамыту және әлеуметтік жауапкершілік
Тараптар әлеуметтік және экономикалық даму, еңбек қатынастарын реттеудің негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдаған кезде әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамытуды, оның мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қажет деп есептеп, өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
6.1. Тараптардың мүдделерін келісудегі Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үш жақты комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) рөлін арттыруға бағытталған шараларды іске асыру және:
әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұдайы консультациялар жүргізуді;
әлеуметтік-еңбек мәселелері жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға және талқылауға Комиссияның қатысуына қатысты және олармен байланысты экономикалық қатынастарды, Комиссияның олар бойынша пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормаларын орындауды қамтамасыз ету.
6.2. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеудің құқықтық базасын жетілдіруге және ұжымдық еңбек дауларын шешудің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру.
6.3. Мынадай іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету:
салалық, өңірлік деңгейлерде консультациялар, мониторинг және келісімдер жасау тәжірибесіне талдау жүргізу, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік органдарының жұмыс тәжірибесін және комиссия отырыстарында талдау нәтижелерін қарау;
әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, әлеуметтік әріптестік жүйесін және оның салалық және өңірлік деңгейлердегі институттарын дамытуға жәрдемдесу жөніндегі үш жақты комиссиялардың халықаралық тәжірибесін зерттеу және тарату.
6.4. Халықаралық еңбек ұйымының «Қауымдастықтардың бостандығы және ұйымдастыру құқығын қорғау туралы» № 87, «Кәсіпорындардағы еңбекшілер өкілдерінің құқықтарын қорғау және оларға берілетін мүмкіндіктер туралы» № 135 конвенцияларына сәйкес ұйымдарда қызметкерлер өкілдерінің еркін қызметі үшін жағдай жасауға ықпал ету.
6.5. Тараптар:
өздеріне байланысты ұжымдық еңбек дауларын реттеу, еңбек қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың барлық шараларын қабылдауға;
жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешудің қалыптасқан тәжірибесін зерттеу және еңбек дауларын болдырмау рәсімдерін жетілдіру, қолданыстағылардың тиімділігін және қол жетімділігін арттыру және жаңа дамыту тетіктерін және оларды шешудің нысандарын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек дауларында ымыраға қол жеткізу жөнінде бірлескен оқыту тренингтерін өткізуге міндеттенеді.
6.6. Тараптар:
жұмыс берушілер бірлестіктерінің бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы бастамаларын одан әрі дамыту, ұйымдардың әлеуметтік (қаржылық емес) есептерді дайындау тәжірибесін, Халықаралық стандарттау ұйымы қабылдаған Халықаралық әлеуметтік жауапкершілік стандартын тарату қажеттігін қолдауға;
БАҚ-тармен бизнестің әлеуметтік инвестицияларына және табысты әлеуметтік әріптестік үлгілеріне қатысты қоғамдық пікірін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға;
қоршаған ортаның жағдайына жауапкершілікті арттыруға бағытталған шараларды қабылдауға міндеттенеді.
6.7. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізуге, конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін қарау нәтижелеріне, сондай-ақ оның лауреаттарын айқындау және марапаттауға қатысты материалдарды қарау жұмыстарына қатысуды қамтамасыз ету.
6.8. Заңнамалық және жалпы танылған халықаралық нормалар мен кәсіподақтар бірлестіктері және жұмыс берушілер бірлестіктері бір-бірінің қызметіне араласпау туралы қағидаларды сақтауы, кәсіподақтар мен жұмыс берушілер ұйымдарын құруға және жұмыс істеуіне кедергі келтірмеу.
6.9. Халықаралық еңбек ұйымымен қарым-қатынасты дамытуға, Қазақстан Республикасындағы Лайықты еңбек ұлттық бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен жұмысты қамтамасыз етуге ықпал ету.
6.10. Қазақстан Республикасының Халықаралық еңбек ұйымының конвенцияларын және басқа да халықаралық шарттарды ратификациялауы туралы ұсыныстар әзірлеу жөнінде консультациялар өткізу, сондай-ақ ратификацияланған конвенциялардың іске асырылуының құқық қолдану тәжірибесіне талдау жасау.

VІІ. Келісімнің қолданысы және оның орындалуын бақылау
Тараптардың осы Келісімнің ережелерін орындауын үйлестіру мақсатында Тараптар төмендегі туралы келісті:
Тараптар Келісімді Қазақстан Республикасының 2012 − 2014 жылдарға арналған келісілген әлеуметтік-экономикалық саясатын жүргізу бойынша басым бағыттар мен қажетті іс-қимылдарды белгілейтін, әлеуметтік әріптестіктің негізгі құжаты ретінде таниды.
7.1. Тараптардың бірінің ұсынысы бойынша Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Өзгерістер мен толықтырулар жеке хаттамалармен ресімделеді және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
7.2. Келісім келіссөздер және салалық (салааралық) келісімдер жасау, облыстық, аумақтық (қалалық, аудандық) келісімдер және ұйымдарда ұжымдық шарттар жасау үшін негіз болады.
7.3. Келісім бойынша Тараптардың міндеттемелері және Комиссия ұсынымдары (шешімдері) өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық), салалық келісімдер мен ұжымдық шарттар жасаған кезде ескерілуге тиіс.
7.4. Келісімнің ережелерін мақұлдайтын және қабылдайтын жұмыс берушілер мен қызметкерлердің бірлестіктері оған қосылу үшін жазбаша нысанда еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға оны орындау жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдайтындығы туралы хабарлама беруге тиіс.
7.5. Кейінгі жылдарға арналған Бас келісім 2014 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірілмей, салалық және өңірлік келісімдер – 2015 жылғы ақпаннан кешіктірілмей жасалады.
Жұмыс берушілер мен қызметкерлердің бірлестіктері ұжымдық шарттар жасауды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды тиісті жылдың наурыз айынан кешіктірмей қабылдайтын болады.
7.6. Осы Келісімнің қолдану кезеңінде және міндеттемелерін орындаған жағдайда Келісімге қол қойған қызметкерлердің республикалық бірлестіктері Тараптар арасындағы даулы жағдайларды тиісті деңгейлерде және Комиссияда алдын-ала қарамай және шешпей наразылық акцияларын өткізбейді.
7.7. Тараптар нақты орындау мерзімі мен орындауға жауапты Комиссия мүшелерін көрсете отырып, осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді.
7.8. Комиссия ұсынымдары (шешімдері) осы Келісімді іске асыру нысаны болып табылады.
7.9. Бас келісімнің орындалу барысын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үш жақты комиссия туралы ережеге және Бас келісімді әзірлеу және жасау жөніндегі қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
7.10. Комиссияның жұмыс тобы Келісімнің орындалу барысы туралы ақпарат дайындайды. Комиссия жыл сайын Келісім ережелерінің орындалу барысын қарайды.
7.11. Республикалық үш жақты комиссияның қызметін және Келісімнің іске асырылу барысын жариялау мақсатында Тараптар Қазақстан Республикасында әлеуметтік әріптестікті дамыту және әлеуметтік-еңбек қатынастары проблемаларына арналған материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарына ұдайы жариялап отыруды қамтамасыз етеді.
7.12. Осы Келісім 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және жаңа Келісім жасалғанға дейін қолданылады.
7.13. Бас келісім меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілердің барлығына қолданылады.
7.14. Тараптар Келісімде көрсетілген өздері қабылдаған міндеттемелерді орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
7.15. Келісімнің мәтіні екі апта мерзімде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» республикалық басылымдарында жарияланады.
2011 жылғы 29 желтоқсанда Астана қаласында 7 данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Қол қоюға қатысушылардың әрқайсысында Келісімнің бір-бір данасы бар.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері  және
жұмыс берушілердің республикалық  бірлестіктері арасындағы
2012 – 2014 жылдарға  арналған бас келісімге  қосымша

Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2012 – 2014 жылдарға арналған бас келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с
№    Іс-шара    Аяқталу нысаны    Орындау мерзімі    Жауапты орындаушылар
1    2    3    4    5
І. Экономикалық саясат
1.

Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат беру    РҮК-ке ақпарат
Жыл сайын
25 желтоқсан
ЭДСМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері
2.    Мемлекеттік органдардың дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілік рейтингілерінде Қазақстанның көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі қызметін үйлестіру қорытындылары туралы ақпарат беру    РҮК-ке ақпарат
Жыл сайын
25 желтоқсан
ЭДСМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері
3.
Инфляциялық үдерістердің өсуіне ықпал ететін факторларды талдауды жүзеге асыру және олардың әсерін азайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу    РҮК-ке ақпарат    Жыл сайын
25 желтоқсан    Ұлттық Банк (келісім бойынша), ЭДСМ, мүдделі
мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері,қызметкерлердің республикалық бірлестіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
4.    Әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарлары бағаларының өзгеруіне талдау жасау және тиісті ұсыныстар әзірлеу     РҮК-ке ақпарат    Жыл сайын
25 желтоқсан
ТМРА (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
5.    Республикалық бюджеттің орындалуына мониторинг қорытындылары туралы ақпарат беру     РҮК-ке ақпарат    Жыл сайын
25 желтоқсан
Қаржымині (жинақтау), ЭДСМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Ұлттық банк (келісім бойынша)
6.    Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат беру    РҮК-ке ақпарат    2012-2014 жылдары
30 наурыз
ЭДСМ (жинақтау), ИЖТМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері
7.    2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы ақпарат беру    РҮК-ке ақпарат    Жыл сайын
25 желтоқсан    ҚТКШІА (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері
8.    Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау саясатының негізгі бағыттарының аспектілері бойынша ақпарат беру    РҮК-ке ақпарат    Жыл сайын
25 желтоқсан
ЭДСМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, әлеуметтік әріптестер
9.     Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі РҮК-ке тиісті мемлекеттік органдардың табиғи монополиялардың субъектілерінің қызметіне тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі жүргізген жұмыстары туралы ақпарат беру    РҮК-ке ақпарат    Жыл сайын
25 желтоқсан    ТМРА (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар
10.     Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үш жақты комиссияда Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеп жатқан әлеуметтік-еңбек қатынастарын және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қамтитын заң жобаларын қарау     РҮК отыры-сының хаттамасы    Жыл сайын    Еңбекмині (жинақтау), ЭДСМ, мүдделі мемлекеттік органдар, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
II. Еңбек нарығын дамыту, халықтың тиімді жұмыспен қамтылуына ықпал ету
11.    Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыру:
өз бетінше жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және күнкөрісі төмен отбасыларды оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету;
еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру туралы ақпарат беру    РҮК-ке ақпарат    Жыл сайын
25 желтоқсан
Еңбекмині (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
12.    Мынадай:
еңбек көші-қоны мәселелерін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша (білікті және біліктілігі жоқ көшіп-қонушы еңбекшілерді тарту);
экономиканың шетелдік жұмыс күшіне қажеттілігін айқындау, квота белгілеу рәсімдерін және шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру тетіктерін жетілдіру бойынша консультациялар беру    РҮК-ке ақпарат    Жыл сайын
25 желтоқсан
Еңбекмині (жинақтау), ІІМ, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
13.    Халықты жұмыспен қамту саласында қызметкерлер мен жұмыс берушілерге көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг жүргізу    РҮК-ке ақпарат    Жыл сайын
25 желтоқсан
Еңбекмині (жинақтау), қызметкерлердің республикалық бірлестіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
14.    Мынадай:
қалалар мен елді мекендерде экономикаға қайта құрылымдау жүргізгенде, жұмыспен қамту құрылымының түр-түрін көбейткен кезде халықты жұмыспен қамтуды қолдау тетіктерін жетілдіру;
жұмысынан айырылған немесе толық емес жұмыспен қамтылған жағдайда азаматтарды қолдау және материалдық кепілдік беру жолдарын жетілдіру;
халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызмет саласын ұдайы бағалауды (мониторинг) жүзеге асыру бойынша өзара консультациялар жүргізу    РҮК-ке ақпарат    Жыл сайын
25 желтоқсан
Еңбекмині (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
15.    Қазақстан Республикасы еңбек ресурстарының теңгерімін қалыптастыру әдістемесін әзірлеу және соның негізінде экономикалық қызметтің түрлері және жекелеген өңірлер бойынша жұмысшылар мен мамандардың болжамды қажеттілігін жасау    РҮК-ке ақпарат    2013 − 2014 жылдары
25 желтоқсан
Еңбекмині (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
16.    Біліктіліктердің ұлттық жүйесін дамыту және кәсіптік стандарттарды әзірлеу жұмыстарын жүзеге асыру     РҮК-ке ақпарат    Жыл сайын
25 желтоқсан
Еңбекмині (жинақтау), БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
17.    Салалық және өңірлік кеңестердің техникалық кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау жөніндегі жұмысы туралы ақпарат беру     РҮК-ке ақпарат    Жыл сайын
25 желтоқсан
БҒМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
18.    Қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оқыту жөніндегі іс-шараларын ұйымдастыру арқылы еңбек өнімділігін арттыруға ықпал ететін жағдайларды қамтамасыз ету (оқу демалыстарын, стипендиялар төлеу, тренингтер және басқа да білім іс-шараларын ұйымдастыру)    РҮК-ке ақпарат    Жыл сайын
25 желтоқсан
Республикалық жұмыс берушілердің бірлестіктері
19.    Сұранысқа ие кәсіптер мен мамандықтардың тұсаукесері бойынша іс-шаралар өткізу, оның ішінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесін, Ашық есік күндерін, Карьера күнін, білім беру ұйымдарының бітірушілері мен жастар үшін жұмыс берушілермен кездесулер өткізу    РҮК-ке ақпарат    Жыл сайын
25 желтоқсан    Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
20.    БАҚ-тармен сұранысқа ие кәсіптер мен мамандықтарды насихаттау жөнінде өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру     Жарияланым-
дар, мақалалар    ұдайы    Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
21.    Кәсіптік оқу мәселелері бойынша бизнес пен білім беру мекемелерінің байланысын қамтамасыз ету үшін техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде корпоративтік негізде бизнестің қатысу моделін әзірлеу     РҮК-ке ақпарат    2012 жыл
25 желтоқсан    Республикалық жұмыс берушілердің бірлестіктері
III. Еңбекақы, халықтың табысы және өмір сүру деңгейі
22.    Еңбек кодексінің 120-бабында көзделген еңбекақы төлеу және еңбекақы төлеу саласында мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету тетіктері мәселелері жөніндегі заңнамалық базаны жетілдіру мәселелері бойынша консультациялар жүргізу    РҮК-ке ақпарат    Жыл сайын
25 желтоқсан
Еңбекмині (жинақтау), ЭДСМ, Қаржымині, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
23.    Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражат есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін реформалау барысы туралы ақпарат беру    РҮК-ке ақпарат    2012 – 2013 жылдар
25 желтоқсан

Еңбекмині (жинақтау), ҚМ, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
24.    Ең төмен мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды, оның ішінде ең төмен күнкөріс деңгейін айқындау әдістемесін жетілдіру туралы консультациялар жүргізу    РҮК-ке ақпарат    Жыл сайын
25 желтоқсан
Еңбекмині (жинақтау), ЭДСМ, ҚМ, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
25.    Шетелдік және отандық қызметкерлер арасында ұқсас жұмыстарды және тиісті біліктілікті орындау кезінде еңбекақы төлеу саласында кемсітушілікке жол бермеу туралы консультациялар жүргізу    РҮК-ке ақпарат    Жыл сайын
25 желтоқсан
Еңбекмині (жинақтау), ЭДСМ, Қаржымині, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
26.    Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерімен тиісті мерзімге белгіленген инфляция деңгейінің негізінде жұмыс беруші акті немесе ұжымдық шарт пен келісімдермен белгіленген еңбекақының тұрақты бөлігіне (тариф, жалақы) индексацияны жасау    РҮК-ке ақпарат    Жыл сайын
25 желтоқсан
Қызметкерлердің республикалық бірлестіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
27.    Салалық келісімдерге тиісті салада ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін салалық коэффициенттерді арттыру мөлшерін енгізу    РҮК-ке ақпарат    Жыл сайын
25 желтоқсан
Еңбекмині (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
28.    Тиісті салада ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін ең төмен еңбекақы төлеу стандартын айқындау әдістемесін жетілдіру мәселесін зерттеу    РҮК-ке ақпарат    2012 жыл
25 желтоқсан    Еңбекмині (жинақтау), қызметкерлердің республикалық бірлестіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
29.    Халықаралық еңбек ұйымының «Еңбекақыны қорғау туралы» № 95, «Ең төмен жалақы белгілеу рәсімін жасау туралы» № 26 және «Дамушы елдерді ерекше ескере отырып ең төмен жалақы белгілеу туралы» № 131 конвенцияларын ратификациялау жөнінде техникалық консультациялар жүргізу    РҮК-ке ақпарат    2012 жылғы
25 желтоқсан

Еңбекмині (жинақтау), қызметкерлердің республикалық бірлестіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
30.    Ұйымдардағы еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес жалақы деңгейін арттыру бойынша жасалатын салалық келісімдер мен ұжымдық шарттардың мониторингісін жүргізу    РҮК-ке ақпарат    Жыл сайын
25 желтоқсан
Республикалық қызметкерлер бірлестіктері
31.    Жалақының уақтылы және толық төленуіне мониторинг ж