Жұмысқа шамамен 300 теміржолшы тартылды. Стансаларда жол шаруашылығы қызметкерлері, қар бұрқасыны кезінде бағыттамалы бұрмалардың жағдайына жауаптылар тәулік бойы кезекшілік етті.
Қар тазарту жұмыстарына 44 дана қар тазалау және қар аршу техникалары жұмылдырылса, бұл ретте 2,5 мың шақырым жол қардан аршылып, 10 000 текше метр қар шығарылды.
Жол дистанциясы қызметкерлерінің күш-жігері арқасында пойыздар қозғалысының кестесі бұзылған жоқ. Ауа райының күрделі жағдайы мен қардың ұйытқуы мүмкіндігі ескеріліп, пойыздарды қауіпсіз және үздіксіз өткізуді қамтамасыз ету үшін күн сайын нақты шаралар қабылдануда.