Футбол • 23 Қаңтар, 2019

Футбол күнтізбесі жарияланды

895 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы фут­болдан 2019 жылғы жаңа мау­сым­дағы Қазақстан чемпионаты мен ел кубогының күнтізбесін жария­лады. 

Футбол күнтізбесі жарияланды

Күнтізбеге сай Қазақстандағы футбол маусымы 3 наурыз күні Қазақстан Супер­ку­богымен ашылады. Онда 2018 жылғы ел чем­пионы «Астана» мен Қазақстан кубо­гының жеңімпазы «Қайрат» командалары кез­деседі. Ал Премьер-лиганың бірінші тур ойындары 9-10 наурыз күндері өтсе, соң­­ғы тур матчтары 10 қарашада өтеді деп жоспар­ланған.

10 сәуірде Қазақстан Кубогы ойындары­ның 1/8 финал кезеңі бастау алса, 22 қыр­күйек күні финалдық ойын өтеді. Сонымен қатар 18-26 наурыз, 3-11 маусым, 2-10 қыр­күйек, 7-15 қазан және 11-19 қараша күн­дері ФИФА-ның ресми күнтізбесі деп бекітілді. Бұл уақыт аралығында Ұлттық құрама футболшылары 2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчтары мен Ұлттар лигасының ресми ойындарын өткізеді.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар