Аймақтар • 24 Қаңтар, 2019

Қызылордада балық өсіруге субсидия бөлінді

894 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында соңғы жылдары жылына 700-800 тонна балық ауланады.

Қызылордада балық өсіруге субсидия бөлінді

Ал балық өсірушілер бұл шығынның орнын жаба алмай отыр. Мәселен, 2017 жылы 109 тонна балық өсірілсе, 2018 жылы 130 тонна ғана өсіре алған. Осыған орай облыста балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы қолға алынып, балық өсіру кәсіпорындарының санын үш есеге арттыру межеленіп отыр.

– Балық жемі қымбат. Сондықтан, субсидия бөлу мәселесі өзекті. Биыл облыстық бюджеттен 4 млн 200 мың теңге қаралды. Балық өсіруші он шаруашылық жем сатып алатын болса, әр келі жемге 105 теңгеден субсидия алуға мүмкіндіктері бар. Олармен қазір жұмыс жасап жатырмыз, - дейді облыстық табиғи ресурстар, табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Жалғас Ахметов.

Жергілікті балық шаруашылықтарын жеммен қамтамасыз етуде осындай шешім қабылданған. Ал, құрама жемсіз балықтың салмағы өспейді. Балықты көбейтуде браконьерлерге де қарсы күрес күшейтілмек.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы