25 Қаңтар, 2019

Тұрғын үй мәселесі шешіледі

716 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тұрғын үй мәселесі шешіледі

Елбасымен кездесу бейрес­ми сипатта болғандығы қуантты. Президент біздің ортамызға галстуксіз келіп, екі сағат бойы ортақ мәселелерді шынайы түрде талқыладық. Мемлекет басшысын тек Президент ретінде ғана емес, сондай-ақ біздің жана­шыры­мыз, елдің үлкен ағасы ретінде танып білдік.

Өйткені Елбасының жанашыр сөздері, әкелік ақыл-кеңестері жастардың материалдық жағдайын көтеру­ге ғана байланысты емес, жеке өміріне қатысты өте үлкен мәсе­лелердің түйінін тарқатып берді. Менің өзім халқымыздың дәстүріндегі ел ағасының жас­тарды жинап, бағыт-бағдарын көрсетіп, ақыл-кеңесін беретін жиынға қатысып келгендей әсер­де отырмын.

Әсіресе Елбасының жастар­ды тұрғын үймен қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстарына ризамын. Енді әрбір қалада жыл са­йын жастар үшін 1000 жалдамалы пәтер салынуы – жастар­дың көкейіндегі мәселеге дөп түскендік.

Мемлекет басшысының жас­тар арасындағы жұмыссыз­дықты шешу жолдарына байланысты ұсынысын, жоғары оқу орындары мен жастардың жауапкершілігін арттыруға байланысты пікірлерін де толық қолдаймын. 

Ақерке ЖҰМАНБАЙ,

«Астана» телеарнасының музыкалық продюсері