21 Қаңтар, 2012

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары

360 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары

Сенбі, 21 қаңтар 2012 8:30

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
С.Н.Ахметовті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы
Серік Нығметұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылсын.

Сенбі, 21 қаңтар 2012 8:30

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
С.Н.Ахметовті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы
Серік Нығметұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2012 жылғы 20 қаңтар.    № 227

Серік Нығметұлы АХМЕТОВ
1958 жылы туған, Қарағанды металлургия комбинатының жанындағы ЖТОО-зауытын, Ресей Басқару академиясын бітірген, экономика ғылымдарының докторы.
Орталық және жергілікті атқару органдарында мол еңбек тәжірибесі бар. Теміртау қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып қызмет істеген. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі, республика Премьер-Министрінің орынбасары қызметтеріне тағайындалған.
Соңғы кезде – Қарағанды облысының әкімі.
________________________________
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қ.Н. Келімбетовті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындау туралы
Қайрат Нематұлы Келімбетов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі қызметінен босатылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.
Астана, Ақорда, 2012 жылғы 20 қаңтар.    № 229

Қайрат Нематұлы КЕЛІМБЕТОВ
1969 жылы туған. Мәскеу мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік Басқару академиясы жанындағы нарық институтын, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық мемлекеттік жоғары мектебін, Джорджтаун университетін (АҚШ) бітірген. Ағылшын, француз тілдерін меңгерген.
Еңбек жолын жоғары оқу орнында оқытушылық қызметтен бастады. Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің департамент директоры болып қызмет істеді. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі, Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы, Қаржы министрінің бірінші орынбасары, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болып тағайындалды.
«Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып жұмыс істеген.
2011 жылғы сәуірден – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі.
____________________________________

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Б.Ә. Сағынтаевты Қазақстан Республикасының  Экономикалық даму және сауда министрі  қызметіне тағайындау туралы
Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі болып тағайындалсын, ол Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.
Астана, Ақорда, 2012 жылғы 20 қаңтар.    № 230

Бақытжан Әбдірұлы САҒЫНТАЕВ
1963 жылы туған. Қазақ ұлттық университетін бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын жоғары оқу орнында оқытушылық қыз­меттен бастады. Содан кейін кәсіпкерлікпен шұ­ғыл­данды, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ бас­қармасының төрағасы болған. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің  төрағасы, Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.
Соңғы кезде – Павлодар облысының әкімі.
_____________________________________
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Н.Ж. Қаппаровты  Қазақстан Республикасының  Қоршаған ортаны қорғау министрі  қызметіне тағайындау туралы
Нұрлан Жамбылұлы Қаппаров Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.
Астана, Ақорда, 2012 жылғы 20 қаңтар.    № 235

 

Нұрлан Жамбылұлы ҚАППАРОВ
1970 жылы туған. Алматы технология институтын, Гарвард университетінің Дж. Кеннеди атындағы Жоғары басқару мектебін бітірген, мамандығы бойынша инженер-экономист, мемлекеттік басқару магистрі.
Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін «Акцепт» корпорациясын құрып, 1991 жылдан 1997 жылға дейін оның президенті болды.   «КазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания»,  «Казахойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» акционерлік қоғам­дарының президенті болып жұмыс істеді.  Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары болып тағайындалған.
2003 жылдан –  «Ланкастер групп Казахстан» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
____________________________________
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Р.Т.Түсіпбековті Қазақстан Республикасы  Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы  қызметіне тағайындау туралы
Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков Қазақстан Республикасы Эконо­ми­ка­лық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агент­ті­гі­нің (қаржы полициясы) төрағасы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Әділет министрі қызметінен босатылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.
Астана, Ақорда, 2012 жылғы 20 қаңтар.    № 236

Рашид Төлеутайұлы ТҮСІПБЕКОВ
1955 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік универси­тетін бітірген.  2-сыныпты әділет мемлекеттік кеңесшісі.
Қарағанды облысының сот органдарында жұмыс істеді, аудандық сот тағылымдамашысынан Қарағанды облыстық сотының төрағасына дейінгі жолдан өтті. Жо­ғарғы Соттың  қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы­ның  төрағасы болды, Жоғарғы Сот төрағасының мінде­тін атқарды. Республиканың Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің төрағасы, Республика Бас Прокуроры қызметтеріне тағайындалды.
Соңғы кезде – Қазақстан Республикасының Әділет министрі.
____________________________________
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Б.М. Имашевты Қазақстан Республикасының  Әділет министрі қызметіне тағайындау туралы
Берік Мәжитұлы Имашев Қазақстан Республикасының Әділет министрі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.
Астана, Ақорда, 2012 жылғы 20 қаңтар.    № 237

 

Берік Мәжитұлы ИМАШЕВ
1960 жылы туған. М.В.Ломоносов атындағы Мәс­кеу мемлекеттік университетін бітірген. Заң ғылым­дарының кандидаты.
Прокуратура органдарында қызмет атқарды, тергеушіден Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасарына дейінгі жолдан өтті. Мемлекеттік мүлік басқару жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары, салық полициясы басқармасының бастығы – Мемлекеттік салық комитеті төрағасының орынбасары, Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттік төрағасы болып қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау  агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хат­шысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.
2008 жылғы тамыздан – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
____________________________________
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Н.А.Ноғаевты Батыс Қазақстан облысының  әкімі қызметіне тағайындау туралы
Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.
Астана, Ақорда, 2012 жылғы 20 қаңтар.    № 238

Нұрлан Асқарұлы НОҒАЕВ
1967 жылы туған. И.Губкин атындағы мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген.
Мәскеу қаласында «Гили-Паскер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы,  бөлім бастығы, бас директор болып жұмыс істеді. Кейіннен «Қазақтүрікмұнай» ЖШС инженері, бөлім бастығы, бас директоры болды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының атқарушы директоры, республиканың Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің департамент директоры, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.
Соңғы кездері – Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
___________________________________________________

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Ә.Қ.Құсайыновты Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы
Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов Қа­ра­ғанды облысының әкімі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.
Астана, Ақорда, 2012 жылғы 20 қаңтар.    № 239

Әбілғазы Қалиақпарұлы ҚҰСАЙЫНОВ
1952 жылы туған. Қара­ған­ды политехника­лық институтын, Ресей Басқару академиясын бітірген. Маман­ды­ғы бойынша – инженер-механик, саясаттанушы.
Еңбек жолын Кузнецк металлургия комбинатында бетоншы болып бастады. Қарағанды облысының мем­ле­кеттік басқару органдарында басшы қызметтер ат­қарды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сена­ты­ның депутаты, Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары болып сайланды. Республика Көлік және коммуникация ми­нистр­­лігінің комитет төрағасы, Көлік және коммуникация вице-министрі, Экономика, индустрия және сауда вице-министрі, Индустрия және сауда министрлігінің комитет төрағасы болып жұмыс істеді. Көлік және коммуникация бірінші вице-министрі, жауапты хатшысы, Көлік және коммуникация министрі қызметтеріне тағайындалған.
Соңғы кезде – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі
_____________________________________
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Н.М. Сәдуақасовты Қостанай облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы
Нұралы Мұстафаұлы Сәдуақасов Қос­та­най облысының әкімі болып тағай­ын­далсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.
Астана, Ақорда, 2012 жылғы 20 қаңтар.   № 240

Нұралы Мұстафаұлы СӘДУАҚАСОВ
1964 жылы ту­ған, Мәскеу Ауыл шаруа­шы­лығы академиясын бітірген.
Жоғары оқу орнын тәмамдаған­нан кейін Қос­та­най облысында кең­шардың агрономы, аға агрономы болып  жұмыс істеді, кейінен облыстың мемлекеттік бас­қару органдарында басшы лауазымдарда болды. Облыс әкімі аппара­тының басшысы, Әулие­көл, Қостанай аудан­дарының және Қостанай қала­сының әкімі лауазымдарында қызмет ат­қарды.
2006 жылғы маусымнан – Қостанай облысы әкімінің орынбасары.
_____________________________________
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Е.М.Арынды Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы
Ерлан Мұхтарұлы Арын Павлодар об­лысының әкімі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.
Астана, Ақорда, 2012 жылғы 20 қаңтар.   № 241

Ерлан Мұхтарұлы АРЫН
1961 жылы ту­ған. С.М.Киров атын­дағы Қазақ мем­ле­кеттік уни­вер­си­тетін бітірген. Эко­номика ғылым­да­ры­ның докторы, про­фессор. Мем­ле­кеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты.
Университетті бітіргеннен кейін ғы­лыми қызметпен шұғылданған. Қазақ­станның даму институтының президенті болып жұмыс істеген. Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және ден­саулық сақтау вице-министрі, Білім және ғылым бірінші вице-министрі қыз­меттерін атқарған.
2001 жылғы ақпаннан – Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры.