21 Қаңтар, 2012

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №226

290 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №226

Сенбі, 21 қаңтар 2012 8:37

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-ба­бы­ның 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі, оның:
1) Қазақстан Республикасының Мәдениет мин­истр­лі­гіне ақпарат, мұрағат ісі және құжаттама саласындағы;
2) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін бере отырып, таратылсын.

2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Мәдениет ми­нистрлігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне қайта құрылу жолымен;
2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туристік қызмет саласындағы функциялар мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне бере отырып, қайта құрылу жолымен Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне қайта ұйымдастырылсын.
3. Мыналар:
1) таратылатын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің:
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі – ақпарат, мұрағат ісі және құжаттама;
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі – байланыс, ақпараттандыру, мем­лекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қыз­метін үйлестіру саласындағы;
2) қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің:
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі – туристік қызмет;
Қазақстан Республикасы спорт және дене шынық­ты­ру істері агенттігі – Дене шынықтыру, спорт және ойын бизнесі саласындағы міндеттемелері бойынша құқық мирасқоры болып анықталсын.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы №6 Жарлығына мынадай – өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақта:
«Қазақстан Республикасының Мәдениет ми­нистр­лігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі»;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі»;
мынадай жолдар алып тасталсын:
«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі»:
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт ми­нистрлігі».
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасының қайта ұйымдасты­ры­латын және таратылатын мемлекеттік органдары­ның штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін;
2) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақ­стан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2012 жылғы 20 қаңтар.   №226