Төр Алтай ма, Өр Алтай ма?

Алтайдың шежіре желісі тым ежелден өрілген дейді ғалымдар. Оның атауы неліктен солай қойылған, қай дәуірлерде, атаудың авторлары кімдер деген сұрақтарға жер басып жүрген қарапайым екі аяқты пенделерді қойып, мүйіздері шаңырақтай ғалымдардың өздері кібіртіктеп, мандымды жауап бере алмай, көздерімен жер шұқитыны рас. Алтын тау дейді, Тәңір тау дейді, алай дейді, бұлай дейді. Болжам көп. Болжамнан ақиқат са­уып алу – қиямет. Тіпті мүмкін де емес. Ал біздің білетініміз...

Егемен Қазақстан
13.02.2019 7481
2

Бүгінгі Алтайды төрт мемлекет төрт жақтан еміп жатыр: Қазақстан, Қытай, Ресей, Моңғолия. Десек те Алтайды түркілердің алтын бесігі атаймыз. Неге? Себеп жалқы: Алтайды қаумалай қоршап, сол алып таудан, оның қойнау-қола­тынан, өзен-көлдерінен тір­лік талқандарын айырып жүр­ген­дер­дің баршасы қазақ! Бұл – бір. Екінші: осы соңғы жылдары (жиырма шақты жылдар төңірегі деп алайықшы) Алтайдың қазақстандық бөлігін халқымыздың классик жазушысы, жерлесіміз Қалихан Ысқақ өз шығармаларында Төр Алтай деп атап, қазақ топонимикасы үшін өте бір соны жаңалық алып келіп еді. Басқаларды білмеймін, менің өз басым нендей пәлсапа айтпасын, қандай мәселені көтермесін жекебас пайдасын мүлдем ойламайтын, тек елі мен жері үшін кеудесінен шыбындай жаны пыр етіп ұшып кеткенше еңбек етуден әсте тайынбаған, жалған дүниеде Алтайын ғана жырлап, соны ғана жүрегінің төрінен бір мәрте болсын төмен түсірмей өткен қайран ағамыздың мына оқыс әрекетіне қатты риза болғамын. Алайда руханияттан талқанын айырып жүрген біраз жұрт, оның ішінде ғалымдары да, журна­листері де, жазушылары да бар, солар: «Ойбай да ойбай, туыр­лы­ғы­мыз­ды жау шапты! Ежелден Өр Алтай еді. Әніміз де, сәніміз де сол атау еді. Қалихан сол түсінік-шымылдығымызды дар-дар айырып, өзінше жаңалық ашқан болыпты. Төр Алтай дегенді естіп тұрғанымыз осы...» десіп, несін айтасыз, күллісі қазақ тілінің этимологиясымен айна­лы­сып жүргендей, көшеліси қалыпты. 

Жалпы басында қаузап кеткеніміздей, Алтай төрт мемлекетке ортақ. Ресейдегісі – Таулы Алтай, Моңғолиядағысы – Моңғол Алтайы, ал Қытай мен Қазақстандағысы ортақ – Өр Алтай аталады. (Қытаймен ортақ болу – қауіп!). Тәуелсіздікке дейін жұртымыз Алтайды даулағанды қойып, қазақ екендігінің өзін көрпенің астында күбірлеп, әрең айтып жүрді емес пе бір-біріне. Жарайды, ол «жиеншар» әңгімені қоя тұрайын. Енді, жаңағы Алтайды жіліктеп кеп жіберсек, оның 60 пайызға жуығы Ресей өңірінде жатыр екен. Қазақстандағысы он па­йыздан аспайды. Сонда, Алтай түркілердің алтын бесігі болса, оның басым бөлігінің Ресейде жатуы қалай? Жауап тағы да жалқы: Алтай басқыншылардың тақымында кеткен! Кемеңгер Қалихан көкеміздің алапат өртке қанатымен су сепкен қар­лы­ғаш сынды, Алтайдың қазақ­стандық пұшпағын Төр Алтай деп шырылдауының бас­ты себебі – түркілердің жерұйық мекені өзгелердің меншігі болып кетпесін, Алтайдың орта­лы­ғы, төрі, кіндік-эпицентрі Қазақстанда жатыр дегенді әлемге әйгілеу, түсініктеріне кіргізу, құлаққағыс ету еді. Нарық тілімен сөйлесек − Алтайды сертификаттау болатын. Соны неге түсіне алмай жүрміз? Неге мәселенің байыбына бармай, желді күнгі бөрінің артынша шуылдадық? Негізінен, жер-сулардың атқа ие болуы – бір ғасырдың ғана шаруасы емес үнемі тоқтаусыз, үздіксіз жүріп жататын конвейер сынды үрдіс. Ол үрдіс тек ХVІІІ немесе ХІХ ғасырларға дейін ғана жұмыс жасап келіп, онан кейін тірлігін тоқтатады деген сөз емес. Тіпті ХХІ немесе ХХІІ ғасырларда да жаңа атаулар пайда болып жатуы әбден мүмкін. Одан неге үркеміз? Оқыраланбай, қайта әп-әдемі, айдынды да айбынды ат тауып берген Ысқақовтай аруақтымызға алғыс айтуымыз керек еді ғой. Мәселен, анау жолы шуы мен дуы Шығысты біраз дүбірге салған Зырян тақырыбын алайықшы. Ол жердің Зырянов келмей тұрып-ақ қазақша атауы болғаны рас. Алайда ол хатталып-шотталмаған. Жүре-бара халықтың санасынан өшкен. Енді келіп Алтай атап жатырмыз. Оның бұрын Зырян аталғаны екі ұрпақ ауысқан соң мүлдемге ұмытылады. Сол сияқты Алтай­дың қазақстандық бөлігін Төр Алтай деп атауға көшсек, келе­шек­те қазақ деген ұлт болатын болса, сол дәуірлерде өмір сүретін ұрпақтарымыз: «Алтай­дың иесі де, киесі де бізбіз. Неге десеңіздер біздер, қазақтар, Алтай­дың Төрінде тұрамыз!» деп төңіректеріне асқақ қарайтыны, көкі­ректерінде жұдырықтай жүрек­тері соғып тұрғанда Алта­йы үшін шыбындай жанда­рын сада­ға­лайтыны шындық. Біздер руха­­ни жаңғыруды, ұлттық патрио­тизмді ұрпақтар бойына осы­­лай сіңірсек ерекше мықты, іргесі сөгілмейтін ұлт боламыз, ағайын!

Әлібек ҚАҢТАРБАЕВ,

жазушы-публицист

ӨСКЕМЕН

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.03.2019

Әділетті әрі дер кезінде қабылданған шешім

25.03.2019

Тұңғыш сапар Түркістаннан басталды

25.03.2019

Елдік пен мемлекеттіліктің жаңа бренді

25.03.2019

Әз-Наурыз мерекесі тойланды

24.03.2019

Солтүстік Кореяның келесі қадамы қандай болмақ?

24.03.2019

Қ.Тоқаев Қазақстан - Ресей кездесуін тамашалады

24.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен хаттар

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен құттықтаулар

24.03.2019

Футбол: Қазақстан құрамасы Ресейден ойсырай ұтылды

24.03.2019

Куршад Зорлу: Түркі әлемінің Ақсақалы

24.03.2019

Нұр-Сұлтан қаласы. Астананың атауы өзгерді (видео)

24.03.2019

Алматыда дәстүрлі әндер кеші өтті

24.03.2019

Қаламқас кен орнында болған апат себептері анықталып жатыр

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Шпекбаевты қабылдады

24.03.2019

Астана мен Алматы ТМД-да ең танымал қалалардың қатарына қосылды

24.03.2019

Елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес

24.03.2019

Жетісудағы жетістіктер Үкімет басшысының назарына ұсынылды

24.03.2019

Қазақстан және Ресей матчы 20:00-де басталады

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

24.03.2019

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу