Жобаның көмегімен тұрғын үйлердің жағдайын онлайн режимде қадағалауға болады. Дәл қазір шаһарда 10 мыңнан астам нысан цифрлы форматқа көшірілген. Картада нысандардың қайда тұрғаны және оған жақын маңдағы инженерлік желілер тұтастай көрсетілген.
«Апатты үйлерді не істеу керек? Қай жерден қауіп келуі мүмкін? Қандай қауіпке қарсы жұмыс жасауымыз керек? Ол ақпараттың барлығы картаның жадына енгізілген. Барлық ғимараттың құжаттарын жасадық. Оған жеке тұрғын үйлер ғана кірген жоқ. Алдағы уақытта жеке тұрғын үйлерге қатысты да ақпараттарды жинайтын боламыз», дейді Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Алмасхан Ахметжанов.
Арман ОКТЯБРЬ,
«Egemen Qazaqstan»