- Жаттығу жиынына Қазақстан ұлттық командасынан бөлек, Ақтөбе, Павлодар облыстарынан және Ақтаудан спортшылар қатысуда. Дайындық жоғары деңгейде өтіп жатыр. Өйткені, биылғы маусым таеквондошылар үшін оңайға соқпайтыны анық. Бізді бірнеше ірі рейтингілік жарыстар күтіп тұр. 2020 жылғы Токио Олимпиадасына ұпай жинайтын кезең басталды, - дейді аға бапкер.
Қазақстан таеквондошылары үшін жылдың ең алғашқы ресми жарысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтеді.
- Fujairah Оpen турнирі G1 санатындағы өте мәртебелі жарыстардың бірі. Аталған бәсекеге қатысатын спортшылар тізімі де белгілі. Араб Әмірліктерінен соң Түркияда өтетін екі турнирге қатысу жоспарда бар. Оның бірі – еуропалық аймаққа арналған президент кубогі додасы. Екіншісі – Тurkish Open бәсекесі. Түркиядағы жарыстар аяқталған соң, тікелей Мысырдағы халықаралық турнирге жол тартамыз. Таеквондошылар үшін маусым осылай жалғасын таба бермек», - деді Батырбек Есдәулетов.
1-3 ақпан аралығында өтетін Fujairah Оpen турнирінде Қазақстан намысын төмендегі спортшылар қорғайды:
Елдос Ысқақ, Эльдар Бірімбай, Қайрат Сарымсақов, Нұрлан Мырзабаев, Рахым Әділханов, Азамат Теңібаев, Руслан Жапаров, Айнұр Есбергенова, Фариза Алдоңғарова, Жансель Дениз, Мереке Жүнісова, Смайыл Дүйсебай және Айтуар Шәйкенов.