Қазақстан • 28 Қаңтар, 2019

Алматыда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 4 725 пәтер тұрғызылды

618 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл қорытындысына сәйкес былтыр Алматыда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 323,8 мың шаршы метр немесе 4 725 пәтер тұрғызылған. Биыл да қосымша 340 мың шаршы метр тұрғын үй қорын іске қосу ісі жоспарланып отыр.

Алматыда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 4 725 пәтер тұрғызылды

Шаһар басшысының сөзінше, мегаполисте «7-20-25» бағдарламасы қарқынды жүргізілуде. Қазіргі кезде еліміз бойынша түскен өтінімнің 25%-дан астамы тікелей Алматыға тиесілі. Айта кетерлігі, соңғы жылдары 2 млн. шаршы метр немесе 11,5 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілген. Биылғы жылдың соңына дейін тағы да 2,1 млн. шаршы метр үй салынады.

Қалада шағын және орта бизнес субъектілері де қарқынды даму үстінде. Алматы  осы салада жұмыс жасайтындардың саны бойынша ел аумағында бірінші орында тұр. 9 айдың қорытындысы бойынша ШОБ 4,7 трлн. теңгенің өнімін шығарған, өсім 21,2% және ел көлемінде шығарылған өнім үлесі – 26,4%-ды құраған.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Egemen Qazaqstan»