Қазақстан • 28 Қаңтар, 2019

Жаркент диқандары жүгеріден жоғары өнім жинады

988 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы Алматы облысының Панфилов ауданында жалпы құны 40,8 млрд теңге болатын ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Яғни, аграрлық саланың табысы бұрнағы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай артып, нақты өсім көрсетікші 103 процентке жетті.

Жаркент диқандары жүгеріден жоғары өнім жинады

Жаркент өңірінің даңқы кезінде жүгері өсірумен шыққан еді. Қазір де аудан диқандары дәстүрлі дақылды көптеп өсіреді. Былтыр 43,6 мың гектарға дән себілсе, оның 25 885 гектары осы жүгері өсімдігі. Күтімі келіссе, жүгерінің өнімі жоғары болады. Аграрлар өткен күзде жүгері егілген әр гектардан орташа есеппен алғанда  63,7 центнерден өнім жинаған.

- Ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды қолдану өнімді еселеуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта ауданда 1396 га жерге тамшылатып суғару әдісі пайдаланылуда. Мысалға, «Көктал Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 286 гектар жүгері егістігіне тамшылатып суғару әдісін пайдаланып, әр гектарынан 200 центнерден жүгері дәнін алды. Суармалы жер көлемін ұлғайту – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді бір құралы. Әкімдік тарапынан қажетті қолдау жасалып жатыр, - дейді Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Қанағат.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы