Аймақтар • 28 Қаңтар, 2019

Солтүстік Қазақстанда ВИЧ инфекциясына шалдыққан 1000-ға жуық науқас есепте тұр

514 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2015 жылы  «ғасыр індетіне» шалдыққандардың саны 500 болса, бүгінде бұл көрсеткіштің екі еседей көбейгені байқалады.

Солтүстік Қазақстанда ВИЧ инфекциясына шалдыққан 1000-ға жуық науқас есепте тұр

Бұл кесел жөнінен  республикада алдыңғы орындардың бірін иеленетін өңір дәрігерлерінің айтуынша айықпас дертке шалдыққандардың 80 проценті – 30 бен 49 жас аралығындағы азаматтар. Дені – жұмыссыздар.

«2017 жылы 230  адамда, былтыр 170 адамда  АИТВ инфекциясы анықталды. Эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Дегенмен бақылауды бір сәт те босаңсытуға болмайды», дейді  СПИД-тің  алдын алу  және оған қарсы  күрес жөніндегі  орталықтың бас дәрігері Айман Сыздықова.

Айлық акция барысында ерікті түрде тексеруден өткен 8 мыңға жуық тұрғынның ішінен тоғыз адамның бойынан АИТВ инфекциясы табылған. Елімізде АИТВ инфекциясына шалдыққан әрбір адамның тегін ретровируске қарсы ем қабылдау мүмкіндігі бола тұра солтүстікқазақстандықтардың 75 проценті ғана тұрақты түрде ем қабылдайды.  СПИД орталығы емделушілер санын 90 процентке дейін жеткізуді көздеп отыр.

Мамандар өңірімізде есірткі қолданушылардың есебінен АИТВ инфекциясына шалдығу жағдайлары жиілегенін жасырмайды. Соңғы уақытта белең алған синтетикалық психотропты заттардың саудасына дем беріп тұрған да – осы интернет. “Спайс”, “тұз” деп аталатын заттар есірткіге тәуелділікті қалыптастыратындығымен қауіпті. Бүгіндері мұндай заттарды таратушылармен күрес әзірге жұртшылықтың, белсенді азаматтардың көмегімен жарнамаларды дер кезінде өшіру арқылы ғана жүргізіледі. Оның ақыры қорқынышты дертке әкеліп жатқанын өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Өмір ЕСҚАЛИ

«Егемен Қазақсттан»

Солтүстік Қазақстан облысы