28 Желтоқсан, 2012

Күн тәртібінен түспейтін келелі мәселе

394 рет
көрсетілді
21 мин
оқу үшін

Күн тәртібінен түспейтін келелі мәселе

Жұма, 28 желтоқсан 2012 7:35

Медициналық ұйымдарды аккредиттеудің ұлттық стандарттары негізіндегі денсаулық сақтау саласындағы қауіпсіздік пен сапаның халықаралық нормалары. Осы көкейкесті мәселелер турасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасының уақытша міндетін атқарушы Дәулетхан Серғазыұлы ЕСІМОВ пікір бөлісіп, ой толғайды.

 

Жұма, 28 желтоқсан 2012 7:35

Медициналық ұйымдарды аккредиттеудің ұлттық стандарттары негізіндегі денсаулық сақтау саласындағы қауіпсіздік пен сапаның халықаралық нормалары. Осы көкейкесті мәселелер турасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасының уақытша міндетін атқарушы Дәулетхан Серғазыұлы ЕСІМОВ пікір бөлісіп, ой толғайды.

– Дәулетхан Серғазыұлы, соң­­ғы кезде денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу туралы ақпарат жиі кездесетін болды. Осы іс-шара жайлы не айтар едіңіз?

– Медициналық көмектің сапасы көптеген елдерде,соның ішінде дамыған елдер үшін де өзекті мә­селелердің бірі болып табылады. Көп­теген зерттеулер осы мәселеге арналған. Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы сапаны басқару Мемлекет басшысының жіті назарында.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қа­зақстан халқына Жолдауында адами әлеуеттің деңгейін көтерудегі ма­ңызды бағыттардың бірі ретінде медициналық қызметтің сапасы мен оның қолжетімділігін арттыру, саламатты өмір салтын насихаттау екендігін нақтылап көрсетті. Денсаулық сақтау жүйесінің сапалы деңгейде дамып келе жатқандығын тілге тиек еткен ол, «қазіргі таңда адамдардың жо­ғары деңгейде медициналық қызмет көр­сететін жерлерді таңдайтындығын» атап айтты. Аталған талаптарды стандарттарға сай аккредиттеуден өт­кен медициналық ұйымдарға да қатысты деуге болады.

Медициналық қызмет көрсету сапасының Президенттің жіті назарында отырғандығы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты » атты Жолдауында көрініс тауып отыр.Ұлт көшбасшысы еліміздің барлық аймақтарында сапалы медициналық қызмет алу үшін қажетті жағдайлар жасалып жатқандығын атап өтті.

Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақ мерзімді жаңғырту аясында біз елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, сондай-ақ медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдық­талуын бірыңғайландыруға тиіспіз.

Президент Н.Назарбаев «Заң­на­малық деңгейде медициналық жоғары оқу орындары мен мекемелердің халықаралық аккредиттеуін өткізуді бекіту» туралы нақты тапсырма берді.

Шын мәнінде, аккредиттеу (лат. accrēde – сену ) – денсаулық сақтау са­­ласында бекітілген стандарттарға сай медициналық қызмет көрсететін медициналық ұйымға сенім білдіру болып табылады.

Денсаулық сақтау саласындағы сапаға қатысты сұрақтар неліктен өзекті? Адамдар медициналық кө­мек­ке жүгінгенде ғана бұл жайында ойлана бастайды, өкінішке орай өздері күткендегідей көмек ала алмайтын да жағдайлар кездеседі. Ал пациенттің көңілі толмау жағдайлары тек емдеу мен диагностика технологиясына ғана байланысты емес, емделушінің күтіп-бағуына да қатысты болады.

Медициналық қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету­­ге бағытталған көптеген жаңа­шыл­дықтардың ішінде экономикасы дамыған және денсаулық сақтау саласындағы сапаны басқару жүйесі серпінді дамыған елдерде оншақты жылдар ішінде өзін жақсы көрсете алған медициналық ұйымдарды аккредиттеуге ерекше мән берілген.

Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу тарихының дамуы жүздеген жылды қамтиды. Аккредиттеу кезінде медициналық ұйым стандарттарға сәйкестігін бағалап, содан кейін ана­ғұрлым әділ баға алу үшін, сонымен қатар ұйымның менеджментіндегі әлсіз жақтарды айқындау мақсатында тәуелсіз сарапшыларды қатыстырады.

Аккредиттеудің мақсаты ха­лық­аралық әдістерге сай меди­ци­налық ұйымдардың тиімді бас­қару­шылық және медициналық технологияларды тәжірибеге енгізу арқы­лы тұрғындарға көрсетілетін ме­дициналық қызметтердің сапасын үздіксіз жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады.

Медициналық ұйымдардың аккредиттеу бағдарламасына қатысуынан күтілетін нәтижелерге басқару тиім­­ділігін күшейту, қызметті жос­пар­лау және саралау, ұйым мә­селелерін ше­шудегі тұлғаны бел­сен­ді ету, меди­­­­циналық ұйымның құрылымын жақсарту (ғимарат пен коммуникация­ларды жаңғырту, аумақ­ты көркейту), медициналық құжаттама сапасын жақсарту, медициналық көмек алу кезінде емделушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

2009 жылдан бастап медициналық көмектің сапасын жетілдіру, меди­циналық қызмет көрсетуде бәсе­келестік орта қалыптастыру мақ­сатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті халық­аралық тәжірибе жетістіктерін мо­йындай отырып, медициналық қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар – медициналық ұйымдарды аккредиттеуді жүргізуде.

Емделушінің тең мүмкіндіктер алу және сапалы медициналық қыз­меттерді алу құқықтарын пайдалануы Денсаулық сақтау министрлігі аккредиттеген медициналық ұйымдарда мемлекеттік тапсырыстар орналас­тыру арқылы жүзеге асырылады. Аккредиттеу үдерісі – медициналық қызметтердің халықаралық сапа стандарттарына дәйекті қозғалыстың бас­тамасы.

– Денсаулық сақтау саласындағы лицензиялау және аккредиттеу. Егер бар болса, оның айырмашылығы неде?

– Біздің елімізде медициналық ұйымдарды лицензиялау шаралары «Халық денсаулығы және ден­саулық сақтау жүйесі туралы» Қа­зақ­стан Республикасы Кодексінің «Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау» атты 13-бабы негізінде жүргізіледі. Республикадағы медициналық ұйымдардың қызметін лицензиялау емдеу-диагностикалық шараларды ұйымдастыру және басқару технологиясына бағытталған қызметтерді көрсетуге құқық береді. ҚР денсаулық сақтау саласындағы лицензиялау міндетті рәсім болып табылады.

Ал медициналық ұйымдарды аккредиттеу рәсімі аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін анықтау ма­қ­сатында денсаулық сақтау сала­сындағы уәкілетті ұйым бекіткен сыртқы кешенді бағалау негізінде жүргізіледі.

Медициналық ұйымдарды аккредиттеу рәсімі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің «Денсаулық сақтау саласындағы аккре­диттеу» атты 14-бабының 2-тармағы негізінде аккредиттеу субъек­тісінің қаражаты немесе басқа да тыйым салынбаған қаражаттар есебінен ерікті түрде жүргізіледі.

Сонымен қатар, денсаулық сақ­тау саласындағы аккредиттеуге меди­циналық және фармацевтикалық қызмет көрсететін денсаулық сақтау саласының белгілеген талаптары мен стандарттарына сай келуін мойындау мақсатындағы денсаулық сақтау саласы мен дәрілік заттардың айналымы саласындағы субъектілер, медициналық бағыттағы бұйымдар мен медициналық техника жатады.

– Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында қазіргі уақытта қандай аккредиттеу стандарттары қолданылады?

– Иә, жоғарыда айтып өткендей, медициналық ұйымдардың қызметінің сәйкестігін анықтау бекітілген аккредиттеу стандарттары негізінде жүргізіледі.

Аккредиттеудің алғашқы стандарттары 2007 жылы халықаралық тәжірибеге сәйкес тек жоғары маман­дандырылған медициналық көмек көрсететін (ЖММК) медициналық ұйымдар үшін үш ғылыми-зерттеу институтында табысты тексеруден өтті.

2009 жылдан бүгінгі күнге дейін Денсаулық сақтау министрлігі халық­аралық қайта құру және даму банкімен бірлесіп «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласында инс­титуционалдық реформа жүргізу және технологияларды тарату» жобасын жүзеге асыруда.

Аталған жобаны іске асыру мақсатында ҚР мен ХҚҚДБ ара­сындағы 117,7 млн. АҚШ доллары сомасындағы займ келісіміне 2008 жылдың ақпан айының екісінде Астана қаласында қол қойылып, 2008 жылдың 6 ақпанында ҚР Заңымен бекітілген.

Жобаның негізгі мақсаты – жо­ғары сапалы медициналық қызмет пен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Медициналық ұйымдарды аккре­диттеудің ұлттық стандарттары Дү­­­­­ниежүзілік банктің «Қазақстан Рес­­публикасы Денсаулық сақтау са­ла­сында институционалдық реформа жүргізу және технологияларды тарату» жобасының «Аккредиттеу. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу стандарттарын жетілдіру» В1 кіші компоненті шеңберінде ак­кредиттеу саласын жетілдіруде Денсаулық сақтаудың сапасы бойынша Халықаралық қоғамдастықтың – International Society for Quality in Health Care (ISQua) қағидаларына сәйкес бірқатар іс-шаралар өткізілді.

2009 жылы Денсаулық сақ­тау министрінің бұйрығымен ак­кредиттеудің ұлттық стандарттарын әзірлеу мақсатында бейінді мамандар: дәрігерлер, денсаулық сақтау саласындағы ұйымдастырушылар, медициналық университет оқыту­шылары және ғылыми қыз­мет­керлер арасынан жұмыс тобы құ­рылды.Стационарлық,сабағаттық-диагностикалық, стоматологиялық және жедел медициналық жәрдем көрсететін медициналық ұйымдарға арналған аккредиттеу стандарттарын әзірлеп, сынамадан өткеннен кейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Аккредиттеу стандарттарын бекіту туралы» 2009 жылғы 16 қарашадағы № 713 бұйрығымен бекітілді.

Аккредиттеудің ұлттық стандарттары 8 бөлімнен тұрады: «Ұй­ымдастыру және басқару»; «Дәрілік қамсыздандыру»; «Кадр­ларды басқару/Кадрлық саясат»; «Медициналық қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін басқару»; «Клиникалық қызмет»; «Қоршаған ортаның қауіпсіздігі»; «Инфекциялық бақылау, пациент пен медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігі»; «Пациенттердің құқығы, медициналық көмек сапасына қанағаттанушылық деңгейін зерттеу».

Үш жыл бойы еліміздің меди­циналық ұйымдарында сыртқы кешенді бағалау рәсімі сыртқы кешенді бағалауды өткізу бойынша бекітілген нұсқау негізінде аккредиттеудің ұлттық стандарттарын қолданылу арқылы өткізілді.

2011 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен халықаралық талаптарға сәй­кес медициналық ұйымдарды ак­кредиттеудің стандарттарын жа­ңарту жұмыстары басталды. Аталған жұмыстарды өткізу үшін халықаралық консалтинг компаниясы Canadian society for international health (CSIH) тартылып, Ұлттық стандарттардың денсаулық сақтаудағы сапа бойынша халықаралық қоғамдастықтың (International Society for Quality in Health Care – ISQua) талаптарына сай екендігін дәлелдейтін салыстырмалы саралау жүргізілді.

Өткізілген жұмыс нәтижесінде стандарттардың пациент пен пер­соналдың қауіпсіздігі бойынша қосымша өлшемдері жаңартылды. Ауырғанды бағалау, пациенттің идентификациясы, құлау қатерін бағалау, дәрі-дәрмек менеджменті, қауіп менеджменті мәселесінің нақ­тылығы бойынша өлшемдер енгізілді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сай стандарттарға пациенттердің қауіпсіздігі бойынша индикаторлар: ДДСҰ ұсынған пациенттің қауіпсіздігі бойынша бақылау тізбесін пайдалану, дәрі-дәрмектер ұсынудағы қателердің коэффициенті, қол гигиенасын орындау дағдысының коэффициенті т.б. өңделіп енгізілді. Жаңартылған аккредиттеу стандарттары пациенттің, персонал мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын сенімділікпен айтуға болады.

Практикалық денсаулық сақтау саласына енгізу мақсатында стаци­о­нарлық, амбулаториялық-емханалық және жедел медициналық жәрдем көрсететін медициналық ұйымдарға арналған аккредиттеу стандарттары дайындалды. Қан орталықтарына арналған аккредиттеу стандарттары өңделіп, сынамадан өтуде.

Қазіргі уақытта аккредиттеу стан­­дарттары 4 бөлімнен тұрады: «Басшылық» (А бөлімі); «Ресурстарды басқару» (B бөлімі); «Қауіпсіздікті басқару» (C бөлімі ); «Пациентті емдеу және оның күтімі» (D бөлімі).

Аталған төрт бөлім денсаулық сақ­тау ұйымы қызметінің негізгі салаларын қамтиды.Көрсетілген төрт саланың әрқайсысы пациентке ұсынылған медициналық көмек пен қызметтің сапасын жетілдіруде маңызды рөл атқарады.

Сөйтіп, аккредиттеу стандарттары медициналық ұйымдар жұмысының негізгі көрсеткіштеріне бағытталып, ҚР денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілермен регламенттеліп, Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымы ұсынған негізгі талаптардың жүйелі тізімін қамтиды.

Медициналық ұйымдарды аккредиттеу кезінде ұйым қызметіне жалпы басқару сұрақтары, ресурстарды басқару (персонал, қаржы, материалдық-техникалық жабдықтау, ғимарат), дәрі-дәрмек, қауіп менедж­менті т.б. сұрақтары бойынша ке­шенді бағалау (өзін-өзі бағалау және сыртқы аудит) жүргізіледі. Осындайда халықаралық практикада пациенттің медициналық ұйымға түскенінен бастап оңалу және оңалтуға дейінгі барлық кезеңдерін бақылау арқылы пациенттің оңалуына қатысты жағымды ықпалдарды айқындау мақ­сатында «трейсер» әдісін қолданады.

Сапаны басқарудың мінсіз сызбасы ретінде медициналық ұйымдарда барлық медициналық көмек көрсету барысында, амбулаториялық не ста­ционарлық емдеуді қосқанда па­циет­тің учаскедегі бақылауынан бас­­тап, стационардан шыққаннан ке­йін дәрігердің бақылауына дейінгі барлық кезеңде медициналық пер­соналдың бақылауында болуы тиіс. Осы сызбаның ортасында сыртқы бағалаушылар мен медициналық ұйымның персоналы өз қызметіне жүйелі әрі жан-жақты бағалауды кәсіби стандарттардың тізіміне сәй­кес жүргізеді. Берілген стандарттар медициналық қызметкерлердің па­циенттермен қарым-қатынасын белгілеп қана қоймай, персоналдың дайындығы мен оқытылуын, кәсіби құзыреттілігін, клиника мен аудитті басқару принциптерін, зерттеу қыз­метін, этикалық стандарттар сұ­рақ­тарын қамтиды.

Сонымен қатар, жаңартылған аккредиттеу стандарттарында па­циент­тер мен олардың туыстарына арналған пациенттердің құқықтарына, медициналық қызмет сапасына қанағаттанбауда шағымдарды беру тәртібі бойынша үлкен назар бөлінген.

Аккредиттеу стандарттарының талаптарын орындау құжаттарды зерттеу, пациент пен персоналға сауалнама жүргізу арқылы инспекторлар тобымен жүргізілетін болады.

Денсаулық сақтаудағы сапа бойынша халықаралық қоғамдастықтың (International Society for Quality in Health Care – ISQua) талаптарына сәй­кестігін ұлттық стандарттардың халықаралық бағалануы ҚР денсаулық сақтау саласының аккредиттеу жүйесінің институционалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Дү­ние­жүзілік банктің «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласында институционалдық реформа жүргізу және технологияларды тарату» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде жоспарланды.

2012 жылдың тамыз айында Ден­саулық сақтаудың сапасы бойынша (ISQua) халықаралық қоғамдастықтың Атқарушы кеңесі стационарлық көмек көрсететін ҚР медициналық ұйымдарды аккредиттеудің ұлттық стандарттары халықаралық қауіпсіздік нормалары және денсаулық сақтау саласының сапасына сай деп шешім шығарды.

Қазақстандық денсаулық сақтау саласының бұл жетістігі отандық денсаулық сақтау саласының дү­ние­жүзілік қоғамдастықтағы ұста­нымдарын нығайтуда сүбелі үлес қосуымен маңызды болды.

Елбасымыз айтқандай, Қазақстан өңірлік көшбасшы ұстанымдарынан өсіп, халықаралық дәрежедегі ұс­танымдарды нығайтуына көшуі керек. Кеңестік кеңістік кезіндегі елдердің ішінде аккредиттеу стандарттарын енгізу негізінде денсаулық сақтау саласында сапаны басқару жүйесін жетілдіру мәселесі бойынша біз дүниежүзілік деңгейге шықтық.

Бәсекелестік заманында, нарықтық қатынастар даму кезеңінде сапалы медициналық көмек көрсету мәселесі еліміздің денсаулық сақтау саласы үшін өте маңызды. Әлемдік тәжірибеде шет елдерден пациенттер шақыру үшін, өзінің беделін арттыру мақсатында медициналық ұйымдар аккредиттеуге қатысады.

Қазақстандықтардың басты міндеті медициналық ұйымдарда медициналық көмек көрсету жағдайларын аккредиттеу стандарттарының өлшемдеріне сәйкестендіру. Еліміздің халқы өз Отанында талаптарына сай меди­циналық көмек алуға құқылы.

– Пациенттердің медициналық қызметтің сапасына қанағатта­нуына не әсер етеді?

– Өкінішке орай, медициналық ұйымдарда медициналық қызмет көрсету сапасы әлі де жеткілікті жоғары деңгейде емес .

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Са­ламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы қолжетімді, сапа­лы, әлеуметтік-бағдарлы және эконо­микалық жүйесінің дамуына қажетті шаралар қосындысын нақтылады.

Бүгінгі таңда медициналық көмектің сапасы тиімділік, баламалылық, өнім­ділік, моральдық-этикалық қағи­далар жағынан қарастырылады. Медициналық көмек көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн, уақтылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететiн бiрыңғай дамыған, әлеуметтiк бағдарланған жүйенi бiл­дiретiн денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуi тұрғысынан ал­ғанда республикадағы негiзгi ба­сымдықтардың бiрi болып табылады.

«Медициналық көмектің сапасы» атты түсінік адамдардың медициналық қызметтің нәтижелілігінен қалып­тасады. Мысалы, пациентке емдеуден күтілген нәтижелердің үмітін қаншалықты ақтағаны маңызды. Өйткені пациентті медициналық кө­мектің жылдамдығы, дәрігердің қаншалықты ықылас та­­ныт­қандығы, ем-шаралар өмірінің сапасына қандай әсер еткендігі туралы сұрақтар толғандыратыны анық. Сондықтан пациентке медициналық көмек сапасы деңгейін анықтауда қызмет көрсету туралы ақпарат маңызды.

Денсаулық сақтау министрлігінде біздің салаға қатысты сұрақтар бойынша алға қойылған мақсаттарға жету жолында нақты жұмыс атқарылып жатыр. Медициналық көмектің сапасын арттыруда бірқатар нақты нәтижелерге қол жеткіздік, атап айтқанда:

– тәуелсіз медициналық сараптама жүйесі құрылды;

– денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеудің негізгі элементтері дайындалды (аккредиттеу саласындағы ережелер заңнамалық түрде бекітіл­ді, медициналық ұйымдарға арналған аккредиттеу стандарттары, сапаны бағалау индикаторлары әзірленді);

– пациенттердің құқықтарын қор­ғайтын және медициналық қызметтің сапалы да уақтылы көрсетілуін қада­ғалайтын ішкі аудит қызметі енгізілді .

2009 жылы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 21 қаңтардағы «ҚР Денсаулық сақтау саласындағы ұйымдарда медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін жетілдіру туралы ережелерін бекіту» бұйрығын іске асыру мақсатында еліміздің барлық медициналық ұйымдарында құрылған ішкі аудит қызметінің әрекетін ерекше атап айтуға болады.

Медициналық ұйымдардағы атал­мыш бөлімшелердің мақсаты –пациенттердің қажетті мөлшерде сапалы да қауіпсіз медициналық көмекті дер кезінде алуы.

Ішкі аудит қызметінің өкілдері пациенттерден түскен мәселелер (ша­ғымдар) бойынша қысқа мерзімде орнында шешу жұмыстарын жүргізеді. Медициналық қызмет сапасына қанағаттанбауда, этика және деонтология қағидаттарының бұзылуында, сонымен қатар қызмет сапасын жақсарту кеңестерін ұсынуда пациент медициналық ұйымның көрнекі жерінде орналасқан ақпарат бойынша ішкі аудит қызметінің кез келген өкіліне жүгіне алады.

– Елімізде медициналық кө­мектің сапасын қамсыздандыруда тәуелсіз сарапшылардың рөлі қан­дай?

– Біздің елімізде тәуелсіз сарап­шылар институтының құрылуы пациенттер мен медициналық қыз­меткерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған. Қазіргі уақытта Қа­зақ­­­­станда тәуелсіз сарапшылар қа­уымдастықтары, пациенттер құ­қық­тарын қорғайтын қауым­дастықтар, әр түрлі аурулары бар (диабеттік, он­кологиялық, кардиологиялық т.б.) адамдарды біріктіретін қа­уым­дас­тықтар және де үкіметтік емес кә­сіби ұйымдар құрылып, жұмыс істейді.

ҚР Денсаулық сақтау минис­трлігінің сайтында белгіленген тәр­тіппен аккредиттеуден өткен тәуелсіз сарапшылар тізілімі бар.

Тәуелсіз сарапшылар сыртқы саралау жүргізу кезінде және де ішкі аудит қызметінің құрамында ішкі саралау жүргізуге де тартыла алады.

Әділдік және айқындық сияқты тәуелсіз саралау қызметінің қағи­даттарын сақтау мақсатында тәуелсіз сарапшылар халықтан түскен меди­циналық қызметтің сапасы бойынша шағымдарды қарастыруда, өліммен аяқталған оқиғалардың сараптамасына, сонымен қатар жоғары және орта медициналық білімді мамандардан емтихан алу комиссиясы құрамына кіреді .

Республиканың денсаулық сақ­­­­тау саласында қазіргі уақытта медициналық қызметтің қауіпсіздігі мен сапасы бойынша халықаралық ережелер негізінде аккредиттеудің жаңартылған стандарттарын қолдану арқылы сапаны басқару жүйесін жетілдіру әрекеттері жүзеге асырылып жатыр.

– Әңгімеңізге рахмет.

ӘңгімелескенАйбек МАНАБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар