Қазір шағын зауыт жеке инвестор мен мемлекеттің тізе қосуынан кейін қайта жаңғыртылып, іске қосылды. Кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 100 миллион теңге көлемінде берілген қаржыға Ресейден заманауи қондырғылар сатып алынды. Ендігі алғашқы өнімін де шығарып үлгерді. Кәсіпорында жасалған түрік айраны, құрғақ сүт және ысталған шұжық нарыққа жөнелтіліп жатыр.
- Зауыт толық қалпына келгеннен кейін сүт өнімдерінің барлық түрін шығаратын боламыз. Шикізатты жақын маңдағы ауылдар мен көрші аудандарын сатып алмақшымыз. Өндіріс тәулігіне 40 тонна сүт тұтынатын болады. 20 адамға жұмыс береміз,- дейді сүт зауыт басшысы Бақыт Арқабаев.
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Egemen Qazaqstan»