Көрменің аты айтып тұрғандай, мұндағы экспонаттардың әрқайсысы көшпенділердің жүрегіндей жұмыр, ерекшелігі де сонда. Еңбектеріне қарап суретшіні бәдізші деп атадық. Санжар Жұбановтың әңгімесіне құлақ түргенде оның бұл идеясы бастапқыда тосын болғанын өзі де жасырмайды. Ол бұл өнер үрім-бұтақтың таңбасын тасқа қашауды бастағанда ойға оралды дейді. Ермек іс осылай дүниеге келген. Кезінде ұзақ жыл Алматы көркемсурет училищесін басқарған әкесінің құрметіне осы көрмені арнап еді. «Көшпенділер жүрегі» көрмесіндегі 61 тас әспетті өрімдер өрнегі де, суретші Жанель Жұбанова да бұл топтаманы ұйымдастыру барысында көп жайтқа қанық еткенін жеткізеді. Сырбаз суреттерден бөлек монументалист суретшінің бұл көрмеге екі жарым жылы кеткенін, аға-әпкелерінің, ата-әжелерінің алдында парыз санайтын ұлы міндет тұрғандай болғанын Жанел де жасыра алмайды.
«Бұл көрменің ерекшелігі, бірнеше жанрды біріктіруі. Бұл ғажап нәрсе дер едім. Суретшілердің көшпенділер әлемін танып, сезіне білуі қастерлі ұғым екенін ұққандай боласыз − дейді Ұлттық кітапхананың қызметкері Таңжарық Орманбеков.
Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,
«Egemen Qazaqstan»
АЛМАТЫ