16 Желтоқсан, 2012

Татулық тамыры тереңде

315 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Татулық тамыры тереңде

Жексенбі, 16 желтоқсан 2012 7:23

Қазақстан баршамыздың ортақ Отанымыз. Шартты түрде әр түрлі ұлт пен ұлыстар өкілдері болып бөлінсек те, біздің баршамыздың басымызды қосатын бір құндылық болса, ол туған елге деген махаббатымыз. Сол еліміз бен жерімізге деген сүйіспеншілік баршамызды ортақ мақсатқа жұмылдыра түседі. 
Елбасы өз Жолдауларында осы ұлтаралық татулық мәселесін үнемі көтеріп келеді. Бұл тым шетін әрі нәзік мәселе. Оған ерекше көңіл бөлініп отырғаны да сондықтан. Қазіргі таңда қазақстандық қоғамда «Біз – қазақ­стан­дықтармыз!» деген түсінікті қалыптастыра отырып, елін сүюге және жерін қадірлеуге бағытталған көптеген шаралар жүзеге асып жатыр. Басты мақсат – барлығымыз бірігіп, Қазақстанды мығым да әлеуетті мемлекет мәртебесіне көтеруге атсалысу.

 

Жексенбі, 16 желтоқсан 2012 7:23

Қазақстан баршамыздың ортақ Отанымыз. Шартты түрде әр түрлі ұлт пен ұлыстар өкілдері болып бөлінсек те, біздің баршамыздың басымызды қосатын бір құндылық болса, ол туған елге деген махаббатымыз. Сол еліміз бен жерімізге деген сүйіспеншілік баршамызды ортақ мақсатқа жұмылдыра түседі. 
Елбасы өз Жолдауларында осы ұлтаралық татулық мәселесін үнемі көтеріп келеді. Бұл тым шетін әрі нәзік мәселе. Оған ерекше көңіл бөлініп отырғаны да сондықтан. Қазіргі таңда қазақстандық қоғамда «Біз – қазақ­стан­дықтармыз!» деген түсінікті қалыптастыра отырып, елін сүюге және жерін қадірлеуге бағытталған көптеген шаралар жүзеге асып жатыр. Басты мақсат – барлығымыз бірігіп, Қазақстанды мығым да әлеуетті мемлекет мәртебесіне көтеруге атсалысу.

Әрине, ең басты құндылы­ғы­мыз бұл жерде Қазақстан хал­қының бір-біріне деген құрметі мен сыйластығы. Сондай-ақ азаматтарымыз бір-бірінің тағды­рына немқұрайлы қарамай, қай­та қолұшын беріп, қолдау біл­діріп жатса, бұл – үлкен же­тіс­тік. Материалдық игіліктерден гөрі моральдық құндылықтары­мыз басым болып, аға ұрпақтың тәжірибесін ала білсек, сонда ғана біз бір-бірімізді қадірлей де, сақтай да аламыз. Егер де бір­лігіміз шеңбердей мығым болса, онда ешбір сыртқы қа­уіп­тер сол өзіміз орнатқан шебі­міз­ді бұза алмасы анық.
Тәуелсіздігімізді алған 21 жылдың ішінде өз тағдырын тарихи отанымен байланыстыратындар кетіп, мұнда тек Қазақ­станды өз елім деп санайтындар қалды. Елімізде қоғамға пайдамды тигіземін дегендерге барлық жағдай жасалған. Олай болса, әрбір қазақстандық өз жауап­кершілігін сезініп, қоғам игілігі үшін жұмыс істеуі тиіс деп білемін. Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Әбішұлы Назар­ба­ев­тың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қа­дам» бағдарламалық мақала­сын­да бұл мәселе көрініс тап­қан. Сондықтан да, барлығы адамның өзіне байланысты. Ал адам үшін қоғамды біріктіретін жайт – моральдық құндылықтар мен дәстүрлер үндестігі. Руха­ни­лық идеясы тәрбиелік немесе патриоттыққа шақыратын шаралар арқылы нығаяры белгілі.
Адам бас тарта алмайтын материалдық құндылықтар болады, алайда, сананың азығы рухани құндылықтар екенін қа­пер­ден шығармаған жөн. Әрине, ол бойындағы табиғи қуат арқылы қоғамда өзіңді жақсы ұстауға ұмтылдырады. Елімізді осы тұр­ғыдан алар болсақ, мұнда та­тулық пен келісім стратегиялық бағыт ретінде қарастырылып оты­рылғаны айқын. Қазақ же­рінде 130-ға тарта этнос пен 800 этномәдени бірлестік бар болса, олар этносаралық төзімділіктің қазақстандық моделін қалып­тас­тырды деуге толық негіз бар. Мұндай модельде мәдениет­тер­ді жұмылдырушы принцип жатыр. Мемлекет тарапынан мәде­ниеттердің әртүрлілігін сақтау мен дамыту мақсатында этнос­тық тілдер мен мәдениеттерді қолдау жүзеге асырылып келеді.
Елімізде украин, ұйғыр, тә­жік және өзбек тілдерінде оқы­татын 88 мектеп жұмыс істеуде. Сонымен қатар, 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде оқытыларын да айта кету керек. Бұдан басқа өзге де 30 этнос тілдерін оқытатын 195 арнайы лингвистикалық орталық ашыл­ған. Бүгінгі таңда орыс, өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс театр­лары жұмыс істеуде. Тағы бір ерекше айта кетерлігі, 11 тілде 35 этностық басылым шыға­ры­лып, 7 тілде телехабарлар және 8 тілде радиохабарлар таратылса, мемлекет тарапынан қар­жы­ландыру 75 пайызға дейін же­теді. Барлығы да өздерінің сайттарын ашып алған және басы­лымдардың жалпы таралымы 80 мыңға жетеді.
Ең басты шарт, еліміз аума­ғында мәдениеттер мен тілдерді жаңғырта отырып, бейбітшілік пен келісімді сақтау және тұ­рақтылықты нығайту болып табылады. Полиэтностық халық бір-бірінің рухани құндылық­та­рын құрметтеу мен өзара сый­лас­тық негізінде жұмыла түс­кен­дігін көреміз. Барлық этнос­тық топтардың мүдделері Қа­зақ­стан халқының Ассамблеясы арқылы жүзеге асып отыр. Мемлекет пен этностардың өзара ықпалдастығы этномәдени бір­лестіктер арқылы нәтижелі жүр­гізіледі. Авторы Елбасы Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назарбаев болып табылатын этносаралық қа­тынастар мен мәдениетаралық үнқатысу формуласында бірлік­ке көптүрлілік арқылы жету қа­ғидасы сақталуда. Мұндай сая­саттың ең басты нәтижесі – ұлттың жетістігі мен бағасы жоқ байлығы, халықтың бірлігі мен әлеуеті, тұрақтылығы мен бей­бітшілігі.
Қазақстан халқы Ассамблея­сының рөлі ерекше екендігін де нығарлап айта кеткен жөн. Бұл ретте барлық этнос өкілдері мемлекетпен бірге азаматтық сәйкестікті құру үдерісіне то­лық­қанды субъект ретінде араласуы орынды болмақ. Мұның барлығы да Қазақстанды жаң­ғырту міндеттеріне сәйкес елдің жедел әлеуетін арттыру міндет­теріне жауап бере алады. Қазіргі кезде қазақстандық этнос­ара­лық модель бірнеше негізгі құ­рамдас бөліктерді қамтып отыр. Біріншіден, азаматтардың сәй­кестігі негізінде қоғамды жұ­мыл­дыру. Екіншіден, азамат­тардың этностық және өзге де ерекшеліктеріне қарамай, бар­лы­ғына ортақ жағдай жасауды кепілдендіру. Әрине, бұл жер­дегі басты мәселе азаматтық қоғамды жұмылдыру үшін па­триоттыққа тәрбиелеу және рухани жағдайды қалыптастыруда болса керек. Қазақстан Респуб­ликасы Конституциясының 19-бабы 2-тармағында әркім өзінің ана тілі мен мәдениетін пайдаланып, шығармашылық пен оқыту, тәрбиелеу, қатынас тілін еркін таңдай алары жазыл­ған. Біріктіретін принцип интеграция болса, ал байланыстыратын тізбектер ретінде мемле­кет­тік тілді, рухани құндылық­тар­ды және әрбір этностың дәстүрі мен салтын ерекше атауға болады.
Мемлекеттік тіл, сонымен қоса, мемлекеттегі халыққа қа­тыстылығын айғақтайтын адам­ның азаматтықты таңдауының негізі. Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл өзінің жеке бәсекеге қабі­леттігі мен әлеуметтік жедел­дігі факторын сақтай келе, елдің қоғамдық-саяси өміріне толық­қанды қатысу, адамның саяси және азаматтық құқығын жүзеге асыру кепіліне айналды.
Еліміздің Ата За­ңының 7-бабы 3-тармақша­сын­да мемлекет Қазақстан халқы­ның тілін оқы­ту және дамыту үшін барлық жағдайды жасайды деп көрсе­тілген. Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаев та еліміздің ең бір құндылығы мен артықшылығы ретінде көпұлт­тылық, көптілді­лік және ұлт­ара­лық татулық деп айтқан-ды. Иә, Конституцияның бұл нормаларын ешкім де бұз­бауы тиіс. Бұл тіл баршаны бі­ріктіретін, жас­тарды жақындас­ты­ратын тату­лық тіліне айналу­ға тиіс.
Бірлік – баға жетпес басты байлығымыз. Тұрақтылық – біз­дің татулығымыз берік болуы үшін табан тірейтін тұғырымыз. Рухани құндылықтар ол жасам­паздық пен қайырымдылықты көрсететін адам санасының мықты жаңғыртушы құралы болып табылады. Әрбір этностың дәстүрі мен салты – бұл құн­дылықтар жүйесінің іргетасын қалайтын рухани мәдениеттің тууы үшін жағдай жасау. Мұ­ның барлығы да Қазақстанды жаңғырту міндеттеріне жауап беретін елдің жеделдету әлеуе­тін айтарлықтай арттыра түседі.
Жақында өткен бір конфе­рен­ция барысында қарар қа­был­данып, ол бойынша жарық, жылу, махаббат және әділеттілік ха­лықтық өмірдің әрбір саласына жеткізетіндей жағдайлар қа­растырылды. Сол сияқты біз де біріге отырып, қазақстандық қо­ғамда ыңғайлы өмір сүруіміз үшін жұмыла білуіміз қажет. Сон­да ғана бір-бірімізге деген се­нім мен бауырластық арта түседі.

Зухра САЯПОВА,
Парламент Мәжілісінің депутаты.