08 Желтоқсан, 2012

Тәні саудың – жаны сау

1091 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Тәні саудың – жаны сау

Сенбі, 8 желтоқсан 2012 7:03

«Қазақстан-2030» Стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 желтоқсандағы №1678 Жарлығына сәйкес саламатты өмір салтын қалыптастыру қызметі құрылып, Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Саламатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық орталығы ашылды.

Аталған стратегияны орындау үшін «Халық денсаулығы» мем­лекеттік бағдарламасы мен елі­міздегі саламатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық саясатын жүзеге асырудың іргетасы болып қаланған «Саламатты өмір салты» кешенді бағдарламасы қабылданды.

 

Сенбі, 8 желтоқсан 2012 7:03

«Қазақстан-2030» Стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 желтоқсандағы №1678 Жарлығына сәйкес саламатты өмір салтын қалыптастыру қызметі құрылып, Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Саламатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық орталығы ашылды.

Аталған стратегияны орындау үшін «Халық денсаулығы» мем­лекеттік бағдарламасы мен елі­міздегі саламатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық саясатын жүзеге асырудың іргетасы болып қаланған «Саламатты өмір салты» кешенді бағдарламасы қабылданды.

Әр азаматтың өз денсаулы­ғына жауапкершілікпен қарауы, саламатты өмір салтын қалыптас­тыруы – уақыт талабынан туындап отырғандығы анық.

Өткен уақытқа көз жүгіртсек, алғаш рет Оңтүстік Қазақстан санитарлық ағарту үйінің жанынан ашылған саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы 1989 жылдың 1 қарашасынан облыс­тық денсаулық орталығы болып өзгерді. 1998 жылы облыстық саламатты өмір салтын қалыптас­тыру проблемаларының орталы­ғы, содан кейін саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы болып өзгерді.

Халық көп шоғырланған оң­түстіктегі облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орта­лығының осы аралықта айтар­лықтай жетістіктерге жеткендігін атап айтуға болады. Өнегелі еңбектері үшін саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының алғыс­тарына ие болып, жүздері жарқын болды.

Орталықтың негізінде Сары­ағаш қаласындағы «Нұр Әлем», «Әлем» денсаулық орталықтары көпшілікке қызмет көрсетеді. Сон­дай-ақ, темекіге қарсы бөлме жұмыс істейді. Бұдан басқа көптеген денсаулық мектептері, саламатты өмір салты кабинеттері тиімді жұмыс жүргізуде.

Бұған қоса «Саламатты жұ­мыс орындары», «Саламатты университеттер», «Денсаулықты ны­ғай­туға бейімделген мектептер» жобалары бойынша да жұмыс ұйымдастырылуда.

«Саламатты Қазақстан» мем­ле­кеттік бағдарламасын жүзеге асыруда біздің орталық тұр­ғын­дар, жастар мен жасөспірімдер арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында білім беру, медицина мекемелерімен жә­не мемлекеттік емес ұйымдар­мен бірлесе отырып көптеген іс-шараларды ұйымдастыруды дәс­түрге айналдырған.

Жыл сайын халыққа тегін ме­дициналық-консультативтік көмек көрсетіп, тұрғындарға пайдалы кеңестер беретін республикалық «Денсаулық фестивалін» және «Денсаулық жолы» акциялары өткізіледі.

Аурудың алдын алу, тұрғын­дарды ақпараттандыру деңгейін көтеру мақсатында түрлі тақы­рып­тарда танымдық материалдар шығарылып, бейне, аудио роликтер дайындалып жергілікті телеарналар арқылы көрсетілу де жүйелі жолға қойылған.

Медициналық мекеме қызмет­керлері арасында «Үздік ауыл дәрігері», «Саламатты ауыл» атты байқаулар жыл сайын өткізіледі. Жастар мен жасөспірімдер арасында кең көлемді «Мен ту­беркулезді тоқтата аламын!» акциясы, «Біз жарақатсыз өмірді қалаймыз!», «Біз бақытты отбасымыз!» байқаулары, «Әкем, анам және біз!» атты жас отбасылық спорттық эстафеталар және басқа шаралар өзекті бола түсуде.

Үстіміздегі жылдың 22-23 қараша күндері «2012 жылға арналған саламатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың профилактикасы» бойынша Саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орта­лы­ғының, Кардиология және ішкі аурулар, Онкология және радиология, Көз аурулары ғылыми-зерттеу институттары маманда­рының қатысуымен республи­калық семинар-кеңес өтті. Сонымен қатар, СӨСҚ аймақтық (Алматы қ., Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары) орталықтарының басшылары, бастапқы санитарлық-медициналық көмек, маман­дан­дырылған (кардиологиялық, он­кологиялық, офтальмологиялық) қызметтердің өкілдері қатысқан семинар-кеңесте жүрек-қан тамыр, онкологиялық, сусамыр, глау­кома сияқты аурулардың, олар­дың асқынуларының алдын алу, ерте сатысында анықтау үшін белгілі бір жастағы адамдар арасында алдын ала тексерудің, медицина тілімен айтқанда, скри­нинг­тік зерттеулердің жүргізілуі және оның нәтижелері сөз болды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық саламатты өмір салтын қалып­тастыру орталығының базасында өткен директоратқа саламатты өмір салтын қалыптастыру проб­лемалары ұлттық орталығының директоры, медицина ғылымда­рының докторы, профессор   Ж.Баттақова, медицина ғылым­дары­ның докторы Ш.Қаржау­баева, еліміздің барлық облыс­тарының СӨСҚ орталық басшылары қа­тыс­ты. Онда «Қазақ­стан-2030» Стра­тегиясына 15 жыл», «СӨСҚ қызметіне 15 жыл. Даму жолдары, жетістіктері» туралы баяндалып, пікір алмасты.

«Қазақстан-2030» Стратегиясын жүзеге асырудағы СӨСҚ қызметіне 15 жыл толды. Осы мерзімде аталған қызметтің қол жеткізген нәтижелері айтарлық­тай: облыс тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы 69,8 жас­ты құрап, темекі шегудің таралуын төмендету 20 пайызды, ал­когольді ішімдіктерді қауіпті мөлшерде тұтынуды төмендету 15,5 пайызды құрап отыр.

Алдағы уақытта да табиғат­тың адамға берген ең қымбат сыйы – денсаулықты сақтау бағы­тындағы СӨСҚ қызметінің атқа­рып жатқан қолжетімді, жүйелі жұмысының сәтімен жүзеге аса беруіне тілектестік білдіреміз.

Денсаулық бәрінен де қымбат болғандықтан, саламатты өмір салты – біздің қалыпты тіршілігі­міздің іргетасы болуы қажет. Соның нәтижесінде тәні саудың – жаны сау болады.

Гүлжан ӘМІРҚҰЛОВА,

облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру

орталығының маманы.

ШЫМКЕНТ.