Алайда, ана өлімі мен жол-көлік апатынан қайтыс болғандар саны кемімен отыр. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиевтің жетекшілігімен өткен «Денсаулық» бағдарламасының жүзеге асырылуына қатысты кеңесте айтылды.
Жиында өңірдегі «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» аясында жүргізілген жұмыстардың есебі тыңдалды. Осы қордың Алматы облысы бойынша филиалының басшысы Сәбит Құралбектің айтуынша, филиал қызметкерлері өткен жыл бойына 81 кездесу өткізіп, 8072 адамға ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
- Сонымен қатар облыстық әкімшілік, денсаулық сақтау басқармасы, қоғамдық денсаулық сақтау департаменті және республикалық электронды денсаулық сақтау орталығымен бірлесе отырып, 5 ауданды аралап, өңірлік кеңестер өткіздік, – деді Сәбит Құралбек.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақтың айтуынша, кейбір аудандардағы халық санының тығыз орналасуынан тұрғындарға дәрігерлік қызмет көрсетудің сапасы көтерілмей отырған көрінеді. Мысалға, Еңбекшіқазақ ауданында 3104 адамға бір дәрігерден келеді екен.
Сондай-ақ, ауылдардағы интернет байланысының төмендігі ауруханалардың жұмысын цифрландыруға кедергі келтіруде. Дерек бойынша, Ақсу ауданындағы 17 ауылдық округтің сегізінде интернет байланысы мүлдем жоқ.
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
"Егемен Қазақстан"
Алматы облысы