Қазақстан • 01 Ақпан, 2019

Дүкен сөрелерінде Ресейден келген қауіпті өнімдер анықталды

1160 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еліміздегі дүкен сөрелерінен қауіпті өнімдер табылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Дүкен сөрелерінде Ресейден келген қауіпті өнімдер анықталды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу шеңберінде мына кәсіпорындардың Қазақстанға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сынамаларында гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылығы:

1. Жалпы микробтық тұқымдану көрсеткіші бойынша сәйкес еместік:

– «СПК Курников» ЖШҚ (РФ) – Атырау облысының сауда объектілерінде № 9 қоймада (Атырау қ., 1 к., 35 ст.), «Дамир» дүкенінен (Атырау қ., Көктем, 16),  «Аружан» дүкенінде (Құлсары қ., 5 участке) сатып алынған «Крестьянский» құс етінен жасалған турама еттің сынамаларында;

- «Ставропольский бройлер» ЖАҚ (РФ) – «Дамир» дүкенінен (Атырау облысы, Атырау қ., ш / а. Көктем, 16) сатып алынған «Благояр» балапан-бройлер сан етінің сынамасы;

- «Ак-Сут»» ААҚ – ЖК Арва С. А. азық-түлік дүкенінен (Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масанчи ауылы, 32) сатып алынған «Голландский» балқытылған ірімшік сынамасында;

- «Инжавинская птицефабрика» - «Бекарыс» дүкенінен (Атырау облысы, Миялы ауылы, Құнанбаев көшесі, 51) сатып алынған «Благояр» балапан-бройлер қанатының сынамасында;

- «Приосколье» ЖАҚ – «Салем» дүкенінен (Атырау облысы, Индербор ауылы, Ақжайық көшесі) сатып алынған балапан-бройлер ұшасының сынамасында анықталғанын хабарлайды.

2. «КДВ Яшкино» ЖШҚ (РФ) – «Полина» дүкенінен (Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Жеңіс көшесі, 136) сатып алынған құлпынай джемі бар мини-круассандар сынамасында жалпы микробтық тұқымдану және зең көрсеткіші бойынша сәйкес еместік анықталды;

3. ЖК «Алимбеков Б.» (ҚР) – «Продукты плюс» дүкенінен (Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қазақстан көшесі, 104) сатып алынған сиыр етінен жасалған турама еттің сынамасынан ішек таяқшасы тобының бактериялары анықталды;

4. «Пикант» ЖШҚ (РФ) – № 9 қоймада (Атырау облысы, Атырау қ., 1 к., 35 бет)сатып алынған ысталып-пісірілген «Гурман» ормасының сынамасында S. Aureus анықталды;

5. «ПИК» ЖШҚ (РФ) – «Диар» дүкенінен  (Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Есмағамбетов көшесі, 46) сатып алынған «Старорусская» түйішікті уылдырық аналогының сынамасында ашытқы анықталды;

6. «Богородский мясоперерабатывающий комбинат» ЖШҚ (РФ) – «Аэлита» дүкенінен (Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы) сатып алынған әВкусно сытно» сиыр етінен жасалған тұшпараның сынамасында ішек таяқшасы тобының бактериялары, жалпы микробтық тұқымдану көрсеткішінің артуы анықталды.

Қазіргі уақытта сауда объектлерінен қауіпті өнімді алып тастау бойынша шаралар, сондай-ақ  өткізушілерге қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдануа.

Бұл ретте, Комитет бұзушылықтардың туындауына ықпал ететін себептерді анықтауға бағытталған бірқатар эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізеді.