Әлем • 01 Ақпан, 2019

Америкадағы үскірік аяз (фоторепортаж)

1359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаңтар соңында АҚШ-тың солтүстік батыс өңірінде полярлық құйыннан пайда болған аномаль аяз түсті. Суреттерде мұзға оранған Нью-Йорк қаласының көрінісі. 

Америкадағы үскірік аяз (фоторепортаж)

Фотоларды түсірген: Атылган Өздил

Ақпарат құралдарының айтуынша, салқын тиіп немесе жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқандар саны 10-нан асқан. Теміржолдар жабылып, мектептер мен университеттер жұмысын тоқтатқан. Көптеген елді мекенде мемлекеттік мекемелер де жұмыс істемейді. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы уақытта аяздың беті қайтпай, одан ары қарай суыта түседі екен. 

Көптеген қалада қоғамдық орындар жылыну мекендеріне айналып, үйсіз адамдарға жылы киімдер таратылып жатыр. Билік көлік жүргізбеуге, мүмкіндігінше үйден шықпауға шақырады. 

30 қаңтарда Чикаго қаласының тарихындағы екінші ең суық ауа райы тіркелген - ауа температурасы 30 градусқа дейін (желдің әсерінен ауа температурасы -40 - 53 градус сезіледі). 150 жыл ауа райын болжау кезінде мұндай жағдай 1985 жылы тіркелген екен.