Республиканың басым бөлігінде жылы ауа райын ұстап тұрған оңтүстік циклоны енді Алтайға қарай жылжиды. Ал Қазақстанға Карск теңізінің орталығында орналасқан суық антициклон таралып, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда минус 35-42° дейін, оңтүстікте кей жерлерде минус 15-22° дейін температура төмендейді. Бірақ Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжып келе жатқан кезекті циклон жексенбіде аяздың орнын басып, қар, бұрқасын және республиканың басым облыстарында күшті екпінді жел тудырады.
Алдағы үш тәулікте минус 35, 42 градусқа дейін суық болады деп хабарлайды Қазгидромет баспасөз қызметі.
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Кеше
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Кеше
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Кеше